Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сәулең болса кеудеңде 10 сыныпқа арналған


15 июля 2011, 07:48 | 2 375 просмотров



Өту орны табиғи гүлдермен

және шарлармен безендірі

леді. Сахнаның төрінде А.Құнанбаевтің портреті. Портрет астына Абайдың нақыл сөзі жазлған. Зал / сынып / қабырғаларында дәйексөздер: а/ «Абайдың – қазақ халқы үшін теңдесі жоқ ұлы құбылыс. Ол қуатты ақылдың адамы, құдіретті талант иесі, поэзия баһадүрі!» / Қайсын Құлиев/.

ә/ «Абайдың таныту арқылы біз әлемге Қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс». / Нұрсұлтан Назарбаев/ т.б.

Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі баяу ырғақпен орындалып тұрады ортаға екі жүргізуші шығады.

1 – жүргізуші: Кеш жарық ! Құрметті қонақтар мен оқушылар ! Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашанда түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына қызмет етуде. Абайдай перзенті бар халық – бақытты халық.

2 – жүргізуші: ХІХ ғасыр алыстаған сайын Абайдың ұлылығы қазақ санасына етене еніп келеді. Ол ХХ ғасырда қандастарымызға әрең жетті. Абай атқа мінген тұста қазақ қара жаяу еді. Тоталитаризм тұсында тордағы торғайдай еді. Бүгін қазақ жұрты тәуелсіз ел. Құтты жер, берекелі бел! Еліміз егемендік ал-ғаннан кейін Абай ойларының мәртебесі өсіп, тынысы ашылды.

Абай – ғажайып, сыршыл, гума

нист ақын. Ол – бізге

көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан сыр тартатын жұмбақ ақын. Абай өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі әрдайым жаңа бір қырымен көңілге ұялайды. Хантәңірінің биік шоқтығындай болған Абай ата! Жатқан жеріңнен, туған топырағыңнан тұрып, бір сәт болса да орал, арамызда бол!

Жарық сөнеді. Балауыз жағылады. / А.Құнанбаев бейнесіндегі оқушы ортаға шығады. Ой үстінде: «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындайды. Әннен кейін « Мен жазбаймын өлеңді ермек ермек үшін» өлеңін көпшілікке арнау ретінде оқиды/.

2 – жүргізуші: Абай ата! Бүгінгі кеш өзіңіз жайлы. « Сәулең болса кеудеңде» деп, сіздің поэзияңызды өздеріне серік ететін өреңдеріңізді ортаға шақырсақ.

Жарық жанады. /Абай бейнесі көрінбей кетеді/. Сынға қатысушылар ортаға шығады.

1 – жүргізуші: Сәулең болса кеудеңде, ей, қазағым,

Бейғам ұйықтап, қалайша жай табарсың.

Шәкіртіңе Абайды насихатта,

Ұрпағына олар да қайталасын.

/Әдеби байқау сегіз шарттан тұрады./

1/. «Жүрегімнің түбіне терең бойла». Үміткер сөзін, сыныбын, мектебін таныс-тырады. 2/. «Поэзия – жүрек тілі». Ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінділерді мәнерлеп оқу. 3/. «Әнді сүйсең менше сүй». А.Құнанбаевтың әндерін орындау. 4/. «Абай әлеміне саяхат». Білім мен парасат сыны. 5/. «Мен жазбаймын өдеңді ермек үшін». Үміткердің Абайға арнап жазған өз өлеңі. 6/. «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған». Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу. 7/. Мен ескерткіш қоямын басыңызға, асыл ата». /Шығармалары бойынша салынған сүреттер бүктемесі, газет кітапша, сахналық көрініс. Осы жанрдың біреуін қорғайды/. 8/. «Қазақстан – 2030». Үміткер А.Құнанбаев атындағы жаңа мектептің моделін және Қазақстанның даму жобасы тұжырымдамасын құрайды.

2 – жүргізуші: Қазылар алқасын таныстырады. /Әр үміткер жеребе алады/

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»деп ақын өзі айтқандай, Абай туралы, алғашқы сынға дайын болсаңыздар, кезекпен өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер./Әрі қарай белгіленген 8 кезең бойнша талапкер – үміткерлер кезегімен жарысқа түсіп, қазылар олардың бағасын көрсетіп отырады/.

«Әнде сүйсең менше сүй» кезеңі Абай әндерін орындауға арналады. Бұл тәрбиелік мәндегі өте бір маңызды жұмыс екенін ескерген жөн.

Сондай – ақ «Абай әлеміне са

яхат» бөлімінде А.Құнанбаев

тың өмірі мен шығармашылығынан түзілген сұрақтарға жауаптар береді.

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бөлімінің мақсаты - өлеңге талабы бар оқушыларды ынталандыру. Ал, Абайдың қара сөздері қай заманда да бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына. Ол – қазақ тілінде жазылған тұңғыш философиялық еңбек. /Үміткерлер қара сөздерді жатқа мәнерлеп оқиды/.

Барлық шартты жан – жақты корғап, жоғары ұпай жинаған оқушыға бас жүлде ретінде «Үздік абайтанушы» атағы берілді. Сынға қатысқан оқушыларға жүлделі орындар – «Абай әнін орындау-шы», «Үздік суретші», «Мәнерлеп оқу шебері» атақтары беріліп, жарыс соңын М.Жұмабаевтың мына өлеңімен аяқтауға болады.

Шын хәкім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хәкім болған сендей жанның,

Әлемнің құлағынан әні кетпес!

Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме:

«Қор болды қайран сөзім босқа!» - деме

Артыңда қазақтың жас балалары мен,

Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге!

Ай, жыл өтер, дүние көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртың ояу болған сайын,

Хәкім ата, тыныш бол, қадірің артар!