Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ ҮШ КҮН ДЕМАЛАДЫ


26 августа 2011, 07:58 | 2 440 просмотров


-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы желтоқсанның 13-індегі №267-II«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес елімізде Конституция күнінің тойлануына байланысты тамыздың 29, 30, 31-і күндері - демалыс күндері болып табылады. Аталмыш Заңның 5-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелер атап өтiлетiн күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндерi деп танылады. Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi жұмыс iстемейтiн күндер болып табылады. Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi болады.