Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ


26 августа 2011, 07:50 | 2 945 просмотров



Мақсаты: Оқушыларды дуние жүзі тарихының І- бөлімі бойынша алған білімдерін тиянақтау, қазіргі ғылыми білім негізінде дүниежүзінің өркениет құндылықтарымен қарулануға бейімдеу, оқушылардың жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдық сайыс

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірсайыс, ойын.

Сайыскерлер, әділ қазылар құрамы анықталады.

Сабақ барысы:

А) Мұғалімнің кіріспе сөзі

ә) Сабақты жүргізуші оқушының сөзі

1-кезең (Бәйге)

1. Бірінші дуниежүзілік соғаыс қашан басталды? (1914)

2. Бірінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды? (1918)

3. Үштік одақ әскери бірлестігі қашан құрылды және оған қандай мемлекеттер мүше болды? (1882 ж Германия, Австро-Венгрия, Италия)

4. Сомма шайқасында тұңғыш рет қандай қару қолданылды? (танк)

5. Ресейде Қазан төңкерісі қашан жүзеге асырылды? (1917 ж 25 қазан)

6. Қай жылы Бавария Кеңес республикасы жарияланды? (1919 ж 13 сәуір)

7. Гитлер Германияда үкімет басына қай жылы келді? (1933ж)

8. Фашизмнің отаны қай ел? (Италия )

9. Испанияда азамат соғысы қай жылдары болды? (1936-1939)

10. Қай жылы Германия мен КСРО құпия келісімге қол қойды? (1939).

11. « Аншлос жоспары» деген не? (Германияның Австрияны басып алу жоспары)

12. Екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды? (Германия Польшаға шабул жасады)

13. Ресейде азамат соғысы қай жылдары болды? (1918-1920)

14. Жаңа экономикалық саясат қашан енгізілді? (1921)

ІІ – кезең «Дода»

Әдебиет:

1.Кеңес жазушылар Одағының алғашқы төрағасы болып кім сайланды? (М. Горький)

2.В. Маяковскийдің азамат соғысына арналған дастаны қалай аталады? (Жақсы деген немене, жаман деген немене)

3.М. Шолоховтың «Тынық Доны» неше кітаптан тұрады? (4)

4.Николай Островский Павел Корчагинге арналған қандай шығарма жазды? («Құрыш қалай шынықты»)

5.КСРО-ның халық әртісі атағы қай жылы енгізілді? (1936)

6.Рабиндранат Тагор қай елдің жазушысы? (Үнді)

7.М.Шолохов әдебиет саласында қандай халықаралық сыйлық алды? (Нобель)

ІІІ-кезең. Кім жылдам?

1.Куликово шайқасында кімдер жеңіске жетті? (орыстар)

2.«Дүниені дүр сілкіндірген он күн» кітабының авторы? (Джон Рид)

3.Елді Индустрияландыру туралы шешім қашан қабылданды? (1925)

4.Елімізде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы шешім қашан қабылданды? (1927)

5.Қазақ хандығын кімдер құрды? (Керей мен Жәнібек)

6.КСРО тараған жыл? (1991)

7.Қазақ хандығының ХVІІІ-ғасырдағы астанасы? (Түркістан)

8.Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

9.Операның отаны? (Италия)

10.Ұлы Отан соғысы қанша күнге созылды? (1418)

11.Аблай ханның лақап аты? (Сабалақ)

12.Әбу Насыр әл-Фараби қай қалада дүниеге келді? (Отырар)

13.Аңырақай шайқасы қай жылы болды? (1729)

14.Қапал бекінісі қай жылы негізделді? (1847)

15.ІV-кезең Жорға

Даталар:

1.Қазақстанда тұңғыш рет қай жылы ядролық жарылыс сынағы жүргізілді? (1949)

2.АҚШ қай жылы құрылды? (1776)

3.О.Сүлейменовтың «АзиЯ» кітабы қай жылы жарық көрді? (1975)

4.Қазақстан қай жылы БҰҰ мүшелікке қабылданды? (1992)

Тұлғалар:

1.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы. (Ш. Уәлиханов)

2.Кеңес дәуірі мен социалистік жүйені сынаған белгілі ресейлік ғалым, академик? (А.Д.Сахаров)

3.1917 жылы 22 қарашада Қоқан қаласында бүкіл Түркістандық төтенше ІV –съезді ашқан қоғам қайраткері? (М.Шоқай)

4.Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің алғашқы төрағасы? ( С. Меңдешов)

Менің елім:

1. Ақын Сара кесенесі қай ауылда орналасқан?

(Алматы облысы, Ескелді ауданы)

2. Қазақ КСР-і қашан құрылды? (1936)

3. Қызылорда қаласы қай жылдары астана болды? (1924-1929)

Қазақстан Республикасы аэроғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер? (Т. Мұсабаев)

Өнер:

1.К.Байсейітоваға қай жылы КСРО халық әртісі атағы берілді? (1936)

2.К.Тастанбеков қай фильмде басты роль ойнайды? (Қыз Жібек)

3.Талдықорғандағы драма театры кімнің есісімен аталады? ) (Б.Римова)

4.Облысымыздағы белгілі айтыскер ақын? (Айтақын Бұлғақов)

Спорт:

1.КСРО халықтарының ІІІ-спартакиадасының еркін күрестен чемпионы? (Ә.Айханов)

2.20 жасында жасындай жарқылдап, Сидней олимпиадасында алтыннан алқа таққан боксшы (Б.Саттарханов)

3.VII-қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте нешінші орын алды? (І)

4.Бокстан 1980 жылы Мәскеу олимпиадасында күміс медаль алған ҚР мәжілісінің депутаты. (С.Қонақбаев)

Н.Ә.Назарбаев: «Ата-бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, Қазақстанның тәуелсіздігін аманаттау».

Қорытынды: жеңімпазды анықтау және марапаттау.

Автор:
Ә.Р.ЖИПКЕЛЬДИНОВ, Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі, Сарқан ауданы.