Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазіргі тәрбиелік құндылықтар аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру


26 августа 2011, 07:48 | 2 592 просмотра



Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты қоғам мүше

лерін Отанға, халқына,елге, жерге деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеп , мұны олардың бойына сіңіріп,қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.

Болашақ ел сарбаздарын жастайынын жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады.

Ата –бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.

Ұлан байтақ даласын найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді.

Құрып кету қауіпі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбе-гінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеялогиялық міндетіміз- Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» — деп жазды.

Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уалиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, руластарымды одан кейін халқымды қадірлеймін,- деген екен.

Патриотизм - дейді Б. Момышұлы, Отанға мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен жеке болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

«Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы, «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Ел – ырыстың орманы, ер-ырыстың қорғаны», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тәрізді мақал – мәтелдерден көрінеді. Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.

Жас ұрпақ бойында халықтың еңбегі мен ұлылығын, отан қорғау мен бейбітшілік идеясын қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында оқу жылы басынан Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні құрметіне «Конститутция ата- заңымыз».

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесі дүние жүзіндегі тілдердің арасындағы алатын орны «Ең қымбат қазына –тіл», Республика күніне «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында сынып сағаттары, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне «Тәуелсіздік шежіресі» атты ашық сынып сағатын өткіздім. Ондағы басты мақсат елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті бағалай білуге, батырлыққа, батылдыққа, әділетті болуға тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыс мақсатында оқу жылынан бастап әр дүйсенбінің тәрбие минөттерінде, «Мен – Қазақстан Республикасы азаматымын», «Қазақстан келешегі-жас ұрпақ қолында», «Отаншылдық ең ізгі сезім». «Патриот тұлғаны тәрбиелеу» деген тақырыптарды оқушылардың өздері дайындап келген баяндамалары бар. Осындай тәрбиелік шаралармен қатар Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау мақсатында сыныбымызда рәміздер ілінді және әрбір аптаның бірінші күні, кезекшілік жиналыста нұранды орындау дәстүрге айналды. Түрлі салтанатты жиындарда рәміздер қолданылады. Болашақта да осы жұмыстарды одан әрі жандандырып, өз жерін Отанын сүйетін, намысты ұрпақ тәрбиелеу жолында іздене береміз.

Автор:
Химия биология пәнінің мұғалімі Алғазы орта мектебі, Қаратал ауданы.