Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БӨЛШЕК САНДАРДЫҢ ОНДЫҚ ЖАЗЫЛУЫ


26 августа 2011, 07:47 | 10 801 просмотр


Сабақтың мақсаты:

1.Ондық бөлшек ұғымын қалыптастыру және оны оқып жаза білуге дағдыландыру.

2.Өзінше ойлап тұжырым жасай білу қабілетін дамытуға, өз бетімен еңбектену сезімдерін, оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

3.Дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Проблеммалық оқыту

Көрнекілігі: үлестірмелі касса, интерактивті тақтада мысалдар, кесте.

Оқушыларды білім алуға қызықтыру мақсатындағы ондық бөлшектердің шығу тарихынан мәлімет беру: интерактивті тақтада ондық бөлшектердің шығу тарихы, бастапқы және бүгінгі жазылуы мен оқылуы, тұрмыста жалпы өмірде қолданылуы туралы деректер беріледі.

Ондық бөлшектер туралы алғаш рет ХҮ ғасырда ортаазиялық ғалым Әл-Каши ондық бөлшектер, ондық бөлшектерге амалдар қолдануды «Арифметика кілті » деген еңбегінде жазды. Тек натурал сандар көмегімен күнделікті өмірде қажетті өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, сондықтан ондық бөлшектерді өмірде пайдалану өте қажет, күнделікті тұрмыстада қолданамыз. Әл-Каши еңбектерін одан әрі жалғастырушы нидерландиялық математик Симон Стевин өзінің «Ондық» деген кітабында ондық бөлшектер туралы зерттеулерін жазды. Бөлшек сандар өте қажетті сандар, ол туралы Рим жазушысы Цицерон «Бөлшекті білмейінше математиканы білемін деп ешкім де айта алмайды» десе орыстың ұлы математигі Л.Ф.Магницкий :

Бүтінге келсек жұлынып

Алдына еш жан салмассың

Бөлшекке келсек бұғынып,

Жауабын таба алмассың

Есеп мықты демелік

Бөлшекке көңіл бөлелік.

Ондық бөлшектер дегеніміз бірліктерден де кіші разрядты болатын ондық жүйеде жазылған сан. Ондық бөлшектерді жазғанда бірлік пен ондық үлесің арасына үтір қойылады. Үтірдің алдыңғы бөлігі бүтін бөлік, ал соңындағы бөлік бөлшек бөлік деп аталады.

Ой қозғау: Мына бөлшектер бөлімін 10 келтіріңдер.

Мына бөлшектер бөлімін 100-ге келтіріңдер.

Мына бөлшектер бөлімін 1000-ға келтіріңдер

Осы бөлшектің бүтін бөлігін үтірмен алмастырыңдар, бөлшектің бөліміндегі 10,100,1000 сандарды алып тастап, үтірден кейін бөлшектің алымындағы санды жазыңдар. Пайда болған жаңа санды оқуда бөлшек бөліміндегі 10, 100,1000 сандарды қолданыңдар. 5,6 3,21 8,125 т.с.с.

- Жаңа санды оқуда не байқадыңдар .

- Бөлімі 10,100,1000 т.с.с. болатын бөлшек сандар қалай жазылады.

- Бөлшектің осылайша жазылуын қалай атайды.

- Бүтін бөлігі жоқ сандарды калай оқыйды.Үлестердің разрядтық бірлігі деп

нені айтамыз.

- Ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз. Мысалы :

- 8 бүтін мыңнан бесті калай жазамыз, жоқ цифрдың орнын немен толтырамыз.

- Мына бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыруға болама ? Неліктен.?

- Осы мысалдар бойынша ереже құрастырып көріңдерші.

Осы түсіндіргенді «Үлестірмелі кассаны» қолдана отырып жаттығу жұмыстарын жүргізу. Үлестірмелі касса тез оқып, есте сақтауға, көзбен көре отырып жоқ сандарды қалай тез жазу керектігіне мүмкіндік туғызады.

Ұяшықтардағы сандардың орнын ауыстыра отырып мысалдар берсе оқушылар қызығушылықпен орындайды. Сондай –ақ бүтін және бөлшек бөлігінін разрядтарын шаттаспай айтуга, тез жаттап алуға машықтанады.

Мысалы:

14,0006, 47, 012 301,9071

27,005, 66,008 65,527

3,03, 150,009 145,5892

Математикалық диктант:

- интерактивті тақтада сөзбен берілген ондык болшектермен жазу.

-Бөлінділерді жай және ондык бөлшек түрінде жаз

18 :10 = 678 : 1000 = 5687 : 1000 =

5 : 100 = 39 : 100 = 9786 : 100 =

- Ондык бөлшектерді жай бөлшек түрінде жаз.

0,6 61,08 100,5

0,2 0,72 11,3100

2,03 0,83 11,82

Оқулықпен жұмыс: сыныпта, үйде деңгейлік тапсырмалар беру. Қабілетті оқушыларға қосымша есептер беріледі.

Ондық бөлшекті жүйелі түсіндіру, проблеммалық сұрақтар тудыра, бағыт-бағдар, мысалдар бере отырып өз беттерінше меңгерту , алдынғы тақырыптағы ондық бөлшектерге амалдар қолдануды тез ұғып, өз беттерінше есептеуге септігін тигізеді. Өз тәжірибемде өтілген тақырыпты үйде оқып, қажетті ережені «Ереже дәптерге» жазып, өз ойларынан ұқсас мысалдар келтіріп жаттау беріледі және ереже дәптер тұрақты тексеріледі. Білімдерін нактылауда тақырыптық тест алу, жіберілген қатенің мониторингімен жұмыс жүргізу, бұл дегеніміз төменгі сыныптан оқушыларды МАБ-қа, ҰБТ-ге дайындау және білімдерін нақтылау болмақ.

Автор:
Ш.Т.ДУТБАЕВА Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сарқан ауданы