Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТӘРБИЕ БАР ЖЕРДЕ - БІЛІМ БАР


2 сентября 2011, 07:57 | 3 141 просмотр


Міне, жаңа оқу жылы да келді.

Бүгінгі сөзімді мұғалім

қауымдастығына арнайы жолдағым келіп отыр. Назар салып өз еңбектерінде осы тағылымды ұстанымды пайдаланады деп сенемін. Өйткені сіздердің жұмысыңыз ол киелі-

ліке жатады.

Ұлы философ, әлемнiң екiншi ұстазы атанған сопылық жолдың негiзiн қалаушылардың бiрегейi Әбу Насыр әл-Фарабидiң «Тәрбиесiз берiлген бiлiм – адамзаттың қас жауы» деген сөзiн оқыған сайын ерiксiз ойға шомыламын. Осы сүбелi сөздi ой елегiнен өткiзе отырып, бiлiм мен тәрбиенiң аражiгiн ажыратып алуды ұйғардым. Ұстаздықтың белгiлi бiр парызын өтеу жолында балалардың тәрбиесiне ме, әлде бiлiмiне ме, қайсысына баса назар аудару керек екен деген сұраққа жауап iздедiм. Ол сауалдың жауабын табу қиын болмады. Себебi бiлiм мен тәрбие – бiр-бiрiмен ұштасып жатқан дүние. Тәрбие болған жерде бiлiм, бiлiм болған жерде тәрбиенiң болары хақ.

Балалардың мектеп қабырғасында ал-

ған бiлiмi оның тәрбиесiне тiкелей әсер етедi. Яғни, ұстаздар қауымы адамзаттың тәрбиесiне бiрден-бiр жауапты болған және солай бола бередi де. Әрбiр баланың санасына ең алдымен отбасы, сосын бiлiм алған ордасы ықпал етедi. Өздерініздің ұстаздық жолында осы қағиданы үнемi ескерiп отыр-ған абзал. Шөлiркеген шәкiрттерге бiлiмнiң тұңғиығынан су iшкiзiп, тәлiм-тәрбие беру – сіздердің ұстаздық мiндет деп бiлемiн. «Балаға жақсылап тәрбие бер, жаныңды ол тыншытып шаттыққа кенелтер». Иә, бiлiм берiп, тәрбиелеген шәкiрттерiңіз өмiрден өз жолдарын тауып жатса, ол сіздердің еңбектеріңіздің жемiсi деп бiлемiн. Олардың шенеунiк болуы шарт емес. Бастысы тәрбиелi, бiлiмдi, парасатты, саналы азамат болуы – сіздер үшiн баға жетпес құндылық. Балалардың қоғам ойлағандай тәрбиелi болуы үшiн қолдарыңыздан келгенiнше үлестеріңізді қосуға тырысу қажет. Алдағы уақытта да балалардың бiлiмi үшiн әрдайым жалықпай еңбек ете бергейсіздер. Ұстаздық ету сіздер үшiн жай ғана қызмет емес, өмiрдiң бiр бөлiгi деп айтар едiм.