Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМ КҮНІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САБАҒЫ


2 сентября 2011, 07:55 | 2 189 просмотров


Жарқын да қуанышты мереке –

Білім күні келіп жетті. Міне,

осы 1-қыркүйек, білім күнінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық мектептерінде «Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» ұранымен «Денсаулық сабағы - 2011» өткізу жоспарланған болатын.

Бұл игі шара Алматы облысында да, жалпы білім беретін 35 мектепте аталып өтті. Акцияны ұйымдастырушылар білім, денсаулық, спорт және туризм басқармалары. Қаламыздағы №17 орта мектебі де аталмыш шараға жан-жақты дайындықпен келген екен. Көптен күткен алғашқы қоңырау сыңғырынан кейін әр сыныпта өскелең ұрпақтың денсаулығы, білім алуы мен игіліктері болып табылатын Денсаулық сағаты басталып та кетті. «Денсаулық сабағы» аясында мектеп жасындағы балалар денсаулығының өзекті мәселелері, салауатты өмір салтын ұстанудың, қауіпсіз мінез-құлық дағдаларын қалыптастырудың және аурудың алдын алудың маңызы туралы бейнероликтер мен фильмдер көрсетілді. Аталмыш мектепте денсаулықты сақтау мен нығайтудың, темекі шекпеудің, арақ-шарап ішпеудің, есірткі тұтынбаудың, дұрыс тамақтанудың маңызы жөніндегі мәселелер туралы ақпараттық-ағарту материалдары берілген денсаулық жөніндегі қабырға газеттері ілініп тұрды.

Ел халқының денсаулығын нығайту үшін мектеп қабырғасынан бастап салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, қауіпті мінез-құлық факторларына қарсы тұра алатындай өмірлік дағдыларды бойына сіңіру өте маңызды.

Бұл іс оқушыларға салауатты өмір салтының негізгі аспектілері бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді және денсаулықты бала кезден сақтау мен нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, көп қимылдау және спортпен айналысудың маңызын, адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілікте ынтымақтас болу қажеттігін көрсететін іс-шара болып табылады.

Автор:
Әйгерім ИЕБЕКОВА. Суретті түсірген автор