Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жиырма бірінші ғасыр-ғаламдану дәуірі


2 сентября 2011, 07:52 | 4 720 просмотров



Бүгінгі күні біз –әлем халқы бір

кісідей жаңа дәуір-жаңа мың

жылдықта өмір сүріп отырмыз.

Еліміз дамуының алғы шарты білім десек, үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық. Қазақстанның дамуына үлес қосатын білімді азамат тәрбиелеп шығару- мектеп ұжымының басты міндеті. Олай болса, ұстаз көтеретін жүк ауыр, жауапкершілік үлкен. «Өз-өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» дейді халқымыз. Өзіңді сыйлау-мұғалім ретінде білімділіктен басаталады.

Бұл басты міндет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетіл-

ген бағыт-бағдардан туындап отыр. Білім саласында болып жатқан өзгерістердің бірі-мектептің жаңа тұрғыда білім беруге бет алғаны. Осыған орай мектепте оқытылатын пәндердің білім мазмұнын жаңалау-болашаққа бару жолындағы маңызды проблемаға айналып отыр. Бұл проблеманың шешімі-пәндерді оқытуда жалпы коммуникативтік білікті дамыту және сапалы білім игертуді негізге алуды талап етеді.

Жиырма бірінші ғасыр-ғаламдану дәуірі. Бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде. Әлемдік қауымдастықпен иық теңестіру көрсеткішінің бірі-сапалы білім десек, бүгінгі білім сапасының төмендеуіне әсер ететін себептер ұстазды тығырыққа тірейтіні рас. Оны мойындауымыз керек.

Сондай-ақ бастауыш сыныпта білім негізі дұрыс қаланбаса, оқушы ортаңғы сыныпта көбейген пәндерді игере алмай малтығады. Ондай оқушы үшін мектепте оқу азапқа айналады.. Түйіндеп айтқанда, білімге ашылмаған қабілетті өріс іздеп , басқа бүйірден тесіп шығады. Өз пәнін сүйетін білімді ұстаздардың бұл шығармашылық жұмысы жоғарыда айтылған жаңашыл бағыт жемісі емес пе!

Автор:
Б.Қ.ЖҮНІСБЕКОВА, Жеңіс орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі