Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көмекші мектептегі балаларды деңгейлеп оқыту ерекшелігі


2 сентября 2011, 07:46 | 3 574 просмотра



Оқыту мен тәрбие бір-бірімен ажыратуға келмейтін, тұтас бір жүйе болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады. Мен облыстық көмекші-мектеп интернатындағы ақыл-ойында кемістігі бар балалармен 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келемін.

Менің биылғы сыныбым 2 «А» сыныбы. Сыныпта барлығы 14 оқушы бар. Әр балаға дәрігерлердің сараптамасынан денсаулығына қойылған анықтамалары бар. Сол анықтамаларына қарап балаларды деңгейге бөліп оқыту әдісімен жұмыс жүргізудемін. Ақыл ойы кем балалардың сауатын ашудағы оқытудың мазмұнын терең ұғыну үшін, алдымен қабылдаудың маңызы өте зор. Оқу материалдарымен байланыстырып келтірілген мысалдар, дәлелдер балаларды дұрыс сөйлеу білуге, тілдерін дамытуға, танымын кеңейтуге және қоршаған ортамен байланыс жасай білуге тәрбиелейді.

Менің өзіндік білімімді жетілдірудегі негізгі алған тақырыбым «Ақыл ойы кем балалардың сауатын ашудағы оқытудың мазмұны». Сауат ашуда баланың сөйлеуі әдетте жеке сөздерді атаудан басталады. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сыныбымдағы әр баланың өзіндік кемістігі бар еді. Оқу үлгерімін меңгеріп кетуі үшін 4 топқа бөліп жұмыс жүргізудемін. Бұл әдісті көмекші мектеп-интернатының әр мұғалімі қолданып жүр. Бұл топқа бөліп жұмыс жүргізу әдісі өте тиімді.

Бірінші топқа жалпы оқыту жүйесі кезінде бағдарлама материалдарын жақсы меңгерген оқушылар жатады. Олар тапсырмалардың бәрін өз бетімен орындайтын, жаңа жұмыс жасаған кезінде, өзінде бар дағдыны қолданады. Алынған білім мен білік дағдысы басқа оқушыларға қарағанда тәжірибеде жақсы қолданады. Салыстырмалы түрде қиындық тудыратын тапсырманы орындауға, оларға үлкендер тарапынан кішкене көмек керек.

Екінші топ оқушылары да сыныпта жақсы оқиды. Оқу барысында олар бірінші топ оқушыларына қарағанда көбірек қиналады. Көбінесе олар мұғалімнің жекелей түсіндіруін ұғады. Оқылған материалдарын есте сақтауы да нашар емес, бірақ көмексіз қарапайым қорытынды және жалпылауды жасай алмайды. Жұмыстың барлық түрлерін олар өз бетімен орындай алмайды. Олар мұғалімнің көмегін қажет етеді. Јз іс-әрекетіне тура түсінік жауап бере алмайды.

Үшінші топқа бағдарламасын әрен меңгеретін оқушылар жатады. Олар әр түрлі көмекті қажет етеді (сөз, логикалық, көрнекілік) пәндік тәжірибелік. Білімді жақсы қабылдау үшін, олар оқыған заттың бастысын қосалқасынан айыра алмайды. Оларға жалпы оқыту кезінде тусіндіру қиын, қосымша түсіндіру қажет етеді. Јз бетінше жұмыс істеулері төмен. Материалды қабылдауы төмен болуына қарай оқушылар алған білім, білік кішкене өзгертілген тапсырма болған кезде, оларға ол жаңа тапсырма сияқты көрінеді. Үшінші топ оқушыларына тапсырманың ортасын бастапқыда көмектесіп жіберсе,олар ары қарай жаңа қиындық кездескенше өз бетінше жұмыс істей береді. Бұл топ оқушыларын, олардың оқу материалының негізін түсінбейінше ұйымдастырып отыру керек. Содан кейін барып ғана, олар тапсырманы дұрыс орындайды. Бұл дегеніміз қиындық пен болса да, саналы түрде меңгеру екенін көрсетеді.

Төртінші топ оқушыларына оқу материалымен өте төмен меңгеретіндер жатады. Бұларды жалпы оқыту жеткіліксіз. Оларға көп жаттығулар жасату керек, жұмыс жасағанда көмектесіп отыру керек. Олар көмекші мектеп бағдарламасы бойынша тиісті білім, білік дағдыны төмен меңгереді. Бұл топ оқушылары оқу мен жазудың бастапқы дағдыларын ғана меңгерген. Дыбыстық-әріптік талдау жасауда көп қиналады. Олар жәй сюжетті мәтіндердің өзін әзер түсінеді. Ауызша, жазбаша тілі баяу қалыптасады. Көмекші мектепте 4 топқа бөлінген барлық оқушыларын жалпы оқыту жүйесінде жекелей оқытуды қажет етеді. Мұғалім жаңа материалды дұрыс таңдауы, түсіндіруі, оны оқушыларға меңгерту және өз бетінше іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрету үшін әр оқушының жеке басының мүмкіншілігін білу керек. Оқытуда ақыл-ойы кем дамыған балалардың өздерінің жеке дара психикалық- физикалық бұзылуларын ескермейінше нәтиже болмайды.

Автор:
А.А.КУСАИНОВА, Бастауыш сынып мұғалімі Облыстық көмекші мектеп-интернаты, Талдықорған қаласы.