Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру


29 октября 2009, 20:23 | 3 282 просмотра



Мектебіміздегі оқу-тәрбие жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Эстетикалақ тәрбиенің алғашқы адымы жанұяда басталып, мектепте оқу-тәрбие жұмыстары үстінде ілгері дамытылады.

Мектепте балаларға айналадағы, тұрмыстағы, табиғаттағы және көркем шығармалар мен өнер туындыларындағы әдемілікті дұрыс көруге, қабылдауға, түсінуге үйретудің маңызы зор.

Біз үшін эстетика деген ұғым-кең, мазмұны бар ұғым. Өмірді сезім арқылы білудің, танудың негізгі жолы. Біздің беретін эстетикалық тәрбиеміз қазіргі оқу-тәрбие салаларымен тығыз байланысты. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, еңбек, тағы басқа тәрбиенің салаларымен үндесіп жатады. Адам өмірінде табиғаттың тамаша байлықтарын, табиғат құбылысын, еңбекті құрметтеуін, әдемілікті бақылау, байқау, түсінуі үшін оқушылардың сауатты, терең білімді болуын талап етемін.

Баланың эстетикалық сезімі ерте оянады. Тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың өздері де әдемі, ашық түсті бояулы заттарға, ойыншықтарға, киімдерге немесе әнге, ырғақты музыкаға қызыққыш келеді. Балалар оларды көргенде, естігенде қуанып, шаттанып, ерекше сезімде болады.

Отбасында баланы жасынан әдемілікке зейін қоюға үйрету, қысқа көркем әңгімені, кішкене кітапшаларды оқып берудің, ән тындаудың, өлең оқудың тәрбиелік мәні зор. Баланы көркем кітап оқуға әуестендіру керек,

Бастауыш сынаптарда-ақ көргенін, естігенін, оқығанын айтып беруге, кітапты түсініп, талқылап оқуға баулу – оны кітап оқуға ерте қызықтырудың маңызды құралы болып табылады. Жасынан бейнелеу, театр өнеріне, музыкаға бейімдеу, соған олардың назарын аударудың, қызықтырудың үлкен маңызы бар.

Оқушылардың эстетикалық талғампаздығын оятуда сынып бөлмелері кең жаңа мектептердің мол болуы, сыныптың тазалығы көп әсер етеді.

Оқушыларды әдептілікке, әдемілікке, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелей отырып, жыл бойы 2008-2009 оқу жылы 3 «Б» сыныбында «Сәлем – сөздің анасы» (пікірталас), «Адам болам десеңіз», «Әдептілік-әдемілік», «Кішкентай арулар» атты тәрбие сағаттарын өткіздім.

Көркемөнердің бір саласы болып табылатын ән-күй, музыка, бейнелеу сабақтарының қатарына еңбекке баулу, ана тілі, дүниетану пәндерін де эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралы ретінде оқу процессінде пайдаланып келемін. Балалар мектеп жасында әнді, биді қызыға тыңдайды, орындайды. Ана тілінде қызықты ертегіні рөлдерге бөліп ойнату, сурет сабағында баланың өз ойын жеткізе білуіне ықпал ету керек. Қорыта айтқанда, бала оқу-тәрбие процессінде эстетикалық тағылым алуы керек.

Автор:
А.С. Сағымбекова № 25 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Талдықорған қаласы