Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ


9 сентября 2011, 07:55 | 2 228 просмотров



Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

Әл- Фараби

Халықтық педагогика– тәлім– тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен айтыс, терме, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Бүгінгі күнгі ұрпақ тәрбиесінің негізгі өзегі – оларды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан халқының салт-дәстүрлері рухында тәрбиелеу. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда - ақыл-ой тәрбиесіне, өлең, жыр дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі қағидалары, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік құрал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – рухани мұраны зерттеу болғандықтан, жас ұрпаққа осы мұраларда санасына сіңіру қажеттігі педагогикалық мерзімді баспасөзде жан-жақты ой пікірлермен айтылып отыр. Педагог ғалымдар мұның әр қырынан өздерінің көзқарастарын білдіруде. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры, батырлар эпостарда, ертегі, аңыздарда, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Бала тәрбиесіндегі барлық жұмыстарымызды хылықтық педагогика негізінде құрып, ата-баба дәстүрінің озық үлгілерінен ғана алға қойған мақсат орындалады.

Егер жастарымызды парасатты, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейінде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін мектепке, әсіресе қазақ мектебіне, әсіресе қазақ мектебіне, жалпы оқу-тәрбие ұқсамайтын этномәдениеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан халқының педагогикасының озық дәстүрлері болмақ.

Әр халықтың жас ұрпақты тәрбиелеудің өзіне тән ерекше мәдени мұралары бар. Ал қазақ халқының мәдени мұраларының бірі – ұлттық сәндік қолданбалы өнері әлеуметтік – экономикалық сатыдан өтіп, ұлттық – сәндік қолданбалы өнерінің небір ғажайып үлгілерін қалдырған.

Қазақ халқы рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік, сан сапалы мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Қазіргі кезге дейін жеткен тас бетіндегі суреттер, тас мүсіндер, сәулет мұралары, қол өнер туындылары т.б. өздік тұрғыда айрықша орын алады. Осы мол қазынаның бірі - Қазақстан мәдениетіндегі қол өнер туындылары.

Советхан Ғаббасовтың «Халықтық педагогика негіздері» еңбегін ой елегінен өткізе отырып, талдап оқыса ұрпағына, «ерте жастан, яғни туған күннен тәрбие бергісі келген әрбір азамат», «басынан бастау» идеясын, яғни әуелі өз отбасында, одан соң жүрегін сыздатып, ел болашағын ойлап жүрген азаматтардың тобымен жалғастырып, қол жеткізген тәжірибелерін ортаға салып, осы идеяны жетілдіре отырып, барша қауымға қажетті болып, кәдеге жарайтындай ғылыми негіздемесін жасауға үлесін қосып, «ашылмай жатқан қазынаның» қақпағын ашуға септігін тигізер еді.

Автор:
М.М.МАСАБАЕВА, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Талдықорған қаласы