Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ТАЛАПТЫ ҰСТАЗДАН ТАЛАНТТЫ ШӘКІРТ ШЫҒАДЫ»


16 сентября 2011, 07:29 | 2 098 просмотров



Шәкәрім атама

Жазды талай өлеңді оқысын деп,

Оқығанын көңілге тоқысын деп,

Ойлағаны қазақтың болашағы,

Еркіндік пен тыныштық болса екен деп.

Содан бері талай жыл, ғасыр өтті,

Қиналып, азап шеккен дәуір өтті,

Келді аңсаған арманы Шәкәрімнің,

Тәуелсіздік, еркіндік ол аңсаған!

Қаншама жыл соны күтіп көп тамсанған,

Сондықтан да қадірлейік Шәкәрімді.

Мәңгі бақи сақтасын Жанға жақын

Өлеңдері тамаша Ақындардың!

Арнау

Еңлік пенен Кебекті,

Ләйлі менен Мәжнүнді

Өнеге етіп жастарға.

Махаббаттың шынайы

Поэма жаздың мадақтап,

Қалқаман Мамыр өмірін.

Бүкіл жастар үлгі алып,

Бастайды алғаш өмірін.

Дос болып Толстоймен бірге жүрдің

Пушкиннің «Дубровскиін» аударып

өлеңменен

Таныттың орыстарды қазақпенен

Көздерін ашып бердің шындықпенен

Сонда да сені ешкім ескермеді.

Халық жауы атандырып, қас дұшпандар

Ақыры құр құдыққа атып тастап,

Қабірсіз мәйітің жатты көп жылдар

Жылдар өтіп, айлар өтті,

1961-ші жылда жетті.

Мәйітін қазып алып Шәкәрім атамыздың

Жерленді Абай жатқан Жидебайға

Ақталды атамыз заман туып,

Әділеттік келді ғой, арман қуып,

Басылды кітаптары жарық көріп,

Бес арыстың біреуісің мәңгілік!

Автор:
Тынышбаева Альбина Үштөбе қаласы Кемел Тоқаев атындағы орта мектептің 7-ші сынып оқушысы