Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БАЛА АБАЙ


23 сентября 2011, 07:49 | 3 479 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1)Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаев өмірімен толығырақ таныстыру, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

2)Логикалық ойлау дағдысын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3)Абай ата өмірін үлгі ету, ақынға деген құрметтік сезімге тәрбиелеу, әрқашан алғыр, талапты, зерек болуға үйрету.

Сабақтың түрі: дамытпалы поэзия сабағы

Сабақтың әдісі: ой қозғау, түсіндіру, топпен жұмыс істеу, сұрақ – жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта тапсырмалалары

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық икем

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз тұрып сәлемдесейік. Бүгінгі сабағымызды жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.

- әрбір адам? – туыс , дос, жұрағат

- әрбір сабақ? – өнер, білім, ұлағат.

- әрбір ісің?- тірлік, тірек, адамдық.

- әрбір сөзің? – шындық, бірлік, адалдық.

Олай болса бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге тиянақты болайық, барлығыңа сәттілік тілеймін.

ІІ. Ой ашар. Жаңа сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Қызығушылықты ояту.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Үш орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз.

І – «Оқу» орталығы

ІІ- «Зерттеу» орталығы

ІІІ- «Өнер» орталығы

ІІІ. Ой қозғау

Ребус шешу «Абай» Ассоциация құру.

- Абай ата туралы не білесіңдер?

IV. Абайдың өміріне слайд арқылы шолу жасау.

1.Слайд. Абайдың балалық шағы, отбасы.

2.Слайд. Медреседе оқыған кезі.

3.Слайд. Еңбек жолы, шығармашылығы.

V. М.Әуезовтың өмірі жайлы қысқаша түсінік.

Мұхтар Әуезов:

- Семей облысында дүниеге келген

- шебер жазушы

- «Абай жолы» романын жазған

VI. Мағынаны тану.

1.Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы.

2.Оқушылардың мәтінді іштей еркін оқулары.

3.Сұраққа жауап. (тақтамен жұмыс)

Абайдың әжесінің аты кім?

Абайдың шешесінің аты кім?

-Бала Абай нені ерекше жақсы көреді екен?

(мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып жауап беру)

VII. Сергіту сәті.

« Желсіз түнде жарық ай» Абайдың әнін орындау.

VIII. Орталықтағы жұмыстар.

«Оқу» орталығы. Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

«Зерттеу» орталығы. Абайдың шығармашылығын зерттеп, топтарға бөлу.

«Өнер» орталығы. Абайдың өлеңдерінен үзіндіні мәнерлеп оқу.

IX. Ой толғаныс. Поэзия минуты.

Берілген сөздерден, сөз тіркестерінен өлең шумағын құрастыру.

X. Сабақты қорыту.

- Біз нені білдік?

- Нені үйрендік?

Сөзжұмбақ шешу « Абай жолы»

Абай – ақын

Абай – табиғат суретшісі

Абай – аудармашы

Абай – данышпан

Абай – сазгер.

Абайдың қара сөзін тыңдап сабағымызды аяқтайық.

XI. Үйге тапсырма.

Әңгімені оқу, мазмұндау, эссе жазу.

Автор:
Г.А.АХМЕТОВА, бастауыш сынып мұғалімІ, № 13 орта мектебі.