Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген...


23 сентября 2011, 07:46 | 1 965 просмотров



Бүгінгі таңда қайталанбас құнды мұраларымызды жан-жақты ғылыми тұрғыда зерттеп қана қоймай, көздің қарашығындай сақтап, кеңінен насихаттау керек . Ол бір жағынан жаңа дәуір мен өткен мың жылдық тарихымыздың сабақтастығын бекітіп, еліміздің еңсесін тіктеп, рухы мен мәртебесін көтеріп, ұлттық-отаншыл санасы мен парасатын шыңдаса, енді бір жағынан өзге шет жұрттарға еліміздің өзгеше қайсарлығын танытуға, даңқын асырып, атын аспандатуға септігін тигізері даусыз. Ел тізгінін ұстар болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жас буынды бәсекеге қабілетті білікті маман етіп тәрбиелеуге қосқан үлесіміз деп қарау керек.

«Жарық дүниемен қоштасар алдында ақынның күнделік жүргізгені белгілі. 1976 жылдың 14 ақпанында түсірген жазбаларында М.Мақатаев:

«Егер бір кездері менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:

-Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар , онда мен не жазсам соның бәрін түгелдей оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай» - деген екен. Ақынмен сырлас, дәмдес болған жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің де ол туралы: «Өмірінде бір ғана поэма жазған ақын» - деуі де Мұқағалидың өз сөзімен үндес жатыр.

М.Мақатаев шығармашылығындағы соғыс тақырыбына жазылған өлеңдер орны ерекше. Олар барынша кеңінен қарастырайық.

Негізінен өлеңдер саны көп те емес. Соның өзін біз үш топқа бөлдік.

1-топ Қазақ әйелінің соғыс кезіндегі тұлғасы.

2-топ Әке сағынышы.

3-топ Болашаққа үндеу.

Тақырыптарды қарастырып көрелік.

1-топ Қазақ әйелінің соғыс кезіндегі тұлғасы.

Бұл топшаға төмендегі өлеңдерді жатқыздық.

1.Қайран жандар

2.Абысындар

3.Сәби-ана

4.Неге жыламасын

5.Бесік жыры

Соғыс кезіндегі әйел иығына түскен қиыншылықты және сол зардапқа төтеп берген қазақ әйелінің бейнесін ақын шебер суреттейді.

«Қайран жандар» өлеңінде:

Шалбарланып көйлегін,

Шарт буынып,

Шаруаның қостарын тартты буын.

Қауып төнсе,

Қызғаншақ жолбарыстай

Атылатын жауына жалт бұрылып.

- деп қазақ әйеліне тән айбарлықты көрсете білді.

«Неге жыламасын?!» - өлеңінде соғысқа аттанғалы отырған жігіт пен оның сүйіктісі жайында. Соғыстың кесірінен екі жүрек бір болуға мүмкіндіктерінің жоқтығын ақын баяндайды.

Мына жолдардан арманның үзілген жайлы автор шебер көрсете білді.

«...Бір арманның бір түп өндір шыбығын

Тілеп алып, күнбатысқа тартты арба»

Бұл өлеңде автор өзін үшінші адам ретінде яғни күәгер ретінде оқырманға көрсетіп, баяндап отыр. Оған мысал:

Талай рет хат апарып бергем-ді.

Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді.

Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді.

Қайсар қыздың қылығына ел көнді.

Екінші топтама ол «Әке сағынышы» деп атадық. Оған себеп өздеріңіз білетіндей М.Мақатаев әкесі 1941 жылғы Ұлы Отан соғысына аттанып, одан қайтпаған.

Ақынның шығармашылығындағы соғыс тақырыбының ауқымды ашылған себебінің бірі ол әкесінің сұм соғыстан оралмауы. өзінің әкесіне деген сағынышын, маңдайынан тым құрыса бір иіскеуін аңсаған автор «Әке аманаты», «Қоштасу», «Көзің нұрсыз дейсің сен» шығармасындағы өлең жолдарымен білдірген.

«Әке аманаты» өлеңінде әкесінің бала болса да ұлына сеніп, анасы мен інісін аманат етіп соғысқа атануы.

«Тыңда, балам, тыңда, күнім

Болуға жара қолқанат

Кәрі анаң, сәби інің,

Барлығы саған аманат!»

Автордың бұл өлең жолдарын оқырманға әке мен бала арасындағы диалог ретінде ұсынып, сонымен қатар жанұяның күйзелісін көрсетіп отыр.

Әкенің баласына деген мол сенімін, сонымен қатар болашаққа деген оң көзқарас қалыптастыруын көруге болады.

«Талпын өмір шыңына

Жетіп те мүмкін қаларсың!

Анаңның ауыр мұңына

Сергіткіш себеп боларсың!

Сен жас буын, жаңа тал.

Гүлің де өсіп шашырар

Сарылып оқып, білім ал

Сөнгенше сәулең асырар»

М.Мақатаев «Қоштасу» өлеңінде әскерге шығарып салып отырған жанұяның ауыр халі көрсетілген. Ата-ананың күйзелісі, бозбала мен бойжеткен арасындағы махабатты суреттеп отыр.

Қазақ қызына тән ұяңдықты, тәрбилілікті көруге болады.

Бәрі де қоштасуда.

Бірақ бір жан,

Бата алмай қоштасуға жылап тұрған

Жолығып жол бойында қырат қырдан

- Қош бол!-деп орамалын лақтырған.

Болашақ солдат оны байқамады,

Қыз қылығын тағы да қайталады...

«Жасыма, махабатсыз қайтар әні

Оның да сен боларсың айтар әні»

Әскерге әке ұлын аттандырды

Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды.

«Анасы жол жабдығын әзірлеуде,

Қуанып, бірде күліп, бірде жылап.»

«Көзің нұрсыз дейсің сен» өлеңінде әкесіне деген сағынышын, бала болса да әкесі өмірден өткенде автордың жүрек тебіренісін, қанға ораулы қос жанарын сезінуге болады.

Оның рас, несіне қынжыламын,

Нұрсыз көздің көрсеңші тұнжырауын.

Жанарымның жартысы ағып кеткен

Себебі, бір-ақ рет шын жыладым.

«Аттанды әкем жау туын құлатуға

Қап-қараңғы дүние, жарық кеткен

Көзің нұрсыз дейсің сен,

Сонда менің

Жанарымның жартысы ағып кеткен...»

Майданға барып, қолына қару алмаса да, М.Мақатаев соғыстың қазақ халқына әкелген зардаптарын солдаттардан кем көрген жоқ.

Үшінші топтамада М.Мақатаевтың «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген», «Қырқыншы жылдар», «Соғыстың соңғы көктемі», «Кептерлер» атты өлеңдерін талдап көрелік.

«Қырқыншы жылдар» өлеңінде өскелең ұрпаққа соғыс жылдар жайлы естелік, одан көрген зардаптарын суреттейді.

М.Мақатаев жастық шағы соғыс жылдарына сәйкес келді. Соғысқа аттанған әкелеріне, ағаларына, балаларына деген сағыныш пен қоса қара жұмыс та оңай тиген жоқ. Бірақ соған қарамастан М.Мақатаев өз сөзімен «Бәрімізді бір-бір батыр жасапты» демекші қиындыққа мойымай төзіп азамат болып ер жетті.

келесі шумағында

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған

Сондағы мен ерлігіме мақтанам.

Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды

Біле білсең мына біздер сақтаған!

М.Мақатаевтың әсіресе үшінші топтама жатқызған өлең жолдарымыз. Келешек ұрпақты бейбітшілікке, барды қадірлей білуге ең бас-ты қасиет өз жанұясын, отанын сүйіп, қадірлеуге шақырады. «Кептерлер» өлеңіне ән де жазылған. Бұл ән бейбітшіліктің ұраны десек те болады.

Туған жылы: 23.07.1981

Білімі: жоғары, Ө.Жолдасбеков атындағы институт.

Еңбек өтілі: 9 жыл

Санаты: 12

Автор:
Динара ҚЫДЫКЕНОВА, Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, Қызылағаш орталау мектебі, Қызылағаш ауылы Ақсу ауданы,