Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ - МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ


23 сентября 2011, 07:45 | 7 106 просмотров



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды туған жерін,елін,отанын,қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.

ә) Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ елінің рәміздері,Қазақстан картасы , проектор, компьютер, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Халқымыздың азаттық жолында ерлікпен, елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында қазақ деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді.

Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап , дербес мемлекет болды. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтана аламыз. Оқушылар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланысыңдар сондықтан өз жерің мен өз еліңді қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді есте сақтаңдар.

Орыс ақыны Некрасов ақын болу, болмау өз еркің, азамат болу міндетің деген екен. Сенің лауазымдық қызметің қандай болсада алдымен өз еліңнің патриот азаматы бола білуің керек.

Болашақта өз елінің қожасы да иесі де бүгінгі мектеп оқушылары-олар сендер.Тәуелсіздігіміздің алғашқы баспалдағы – желтоқсан. Тәуелсіздігіміздің тірегі тұңғыш президентіміз Н.Ә Назарбаевтың « Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы да осы еліміздің болашағы жастарға үміт артқандықтан туған деп есептеймін. Біздер жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінгеніміз абзал.

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік дост

ық бейбітшілік қалауын

Мерейлі жыл 20 жылың құтты болсын

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым.

Айсана:

Әнұраным-жан ұраным

Сымбат:

Айтар әнім – сөйлер сөзім.

Асхатбек:

туған жерім сағынарым

Асыл: мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраным. Әнұран орындалады.

Жандос:

Күндер өтіп бара жатты ағылып,

Арамызда арандату табылып,

Шұбарланып тілі қазақ халқымның,

Жұмбақ болып қалды емеспе жабылып.

Елім менің бұл қорлыққа төзбеді,

Асып кетті ұлтшылдардың езгені,

Алматының алаңына ап шықты,

Әділетсіздік иісі қазақ пендені.

Сымбат:

Аты әйгілі бұл желтоқсан шеруі,

Қазағымның бір мәмлеге келуі

Қабыл болып жастарымның тірегі

Елімізге тәуелсіздік беруі.

Сол тәуелсіз отанымның аясы,

Болып отыр бірнеше ұлттың панасы

Барлық ұлттар бір шаңырақ астында,

Бірлігі мен татулығын қарашы.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма ,

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата- баба рухына!

Айсана :

Не өтпеді қазағымның басынан,

Елім менің бейнет көрді жасынан

Мойымады қиындыққа сондада,

Ерлері көп күш қайраты тасыған.

Сөйтіп жылдар тастадығой азабын,

Тілінен де айырылды қазағым,

Енді міне 50 жылда ел жаңа

Жаңа өмірді жігерменен жазамын.

Қазағымның қалқып алып қаймағын,

Жала жауып абақтыға айдады,

Халық жауы деген айып тағылып,

Сол кезде заң әділет болмады.

Жылдар бойы бостандықты аңсады,

Жоңғар жаулап туған жерден ел ауды

Өскен жерге өзектері өртеніп

Елімай деп шерін сыртқа шығарды.

Мұғалімнің сөзі:

Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауырда әділетсіз көтерілістің бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл оқиғаға жастарымыз бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысты.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырыс-қан қазақтың қарусыз жастарына қарсы жазалау үшін кеңес елінің басқа жерлерінен арнайы жасақталған әскерлер әкелінді. Жүздеген қазақ жастары сотталды, мыңдаған қазақ жастары оқудан, қызметтен қуылды. Бірнеше апаларың,аталарың қыршынынан қиылды. Оның ішінде қазақтың батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанова апаларыңда бар еді. Тек 4-5 жыл өткен соң ғана желтоқсан оқиғасы жан жағынан тексерілді. Қазақ жастары еш күнәсіз болып шықты. Сөйтіп 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егеменді ел болды.Қазақтың батыр ұлы Қайрат Рысқұлбековтың қамауға алынғандығы (түрме ішінен шағын көрініс).

Түрме іші Қайрат дауыстап өлең оқып отыр. Тергеуші екі жендетімен кіреді.

Тергеуші:

Не оқып отырсың? Бүгін жазаланатын күнің білесіңбе?

Қайрат:

мен ана тілім туралы өлең оқып отырмын.

Тергеуші:

Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.

Қайрат:

Мен қазақпын мың, өліп мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сол тіліңмен,

Жаман үйдің қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

Тергеуші:

Әй оңбаған, шыныңды айт,(қағазды көрсетіп орыс тілінде жаз дейді).

Қайрат:

Мойныма алдым жаланы,

Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін,

Қазағымның намысы.

Тергеуші:

Әкетіңдер! Атыңдар!( Қайратты алып кетеді).

Қайрат:

Қош аман бол артымда ,

Ағайын туған азамат,

Артымда қалған ата -анам ел жұртым саған аманат.

Айсана:

Өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Қайрат қазақтың ұлы перзенті.

Оған ел басымыз қол қойған жарлықпен «халық қахарманы» ең жоғарғы атағы берілді.

Жанель:

Мен қазақпын қазақ болып өлемін,

Ол не көрсе менде соны көремін,

Халқым менің егемендік алғалы,

Солар салған сара жолмен келемін.

Мен қазақпын алаштан бір жаралған,

Сол алаштан таусылмас көп нәр алған,

Теңізім бар бүкіл елге ас берген,

Асып түсер теңіз барма- Аралдан.

Мен қазақпын өз билігім өзімде,

Өткен күндер түгелімен көзімде,

Мен қазақпын деп айғайлай аламын,

Бұрынғыдай кедергі жоқ сөзіме.

Сұлтан:

Жайқалып өскен гүлдерім мәңгі солмасын,

Тілектер жазып әлі талай жолдармыз,

Найзасын алып қазақта туған батырдай,

Кең байтақ жерді дәл солардай қорғаймыз.

Тартынба елім Отаның барда тартынба,

Шарықтай жанып найзағайдай жарқылда,

Жеткізе алмай аз ғұмыр ғана кешсекте,

Намысын әлі қоғайтын ел бар артыңда.

Ән: Алға қазақ жігіттері.

Диана:

Қазақстан республикасы әр азаматтың туған жері, отаны болып табылады.

Мен оның түнін сүйем күнін сүйем

Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем ,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен, мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Жасұлан:

20 жыл болды алғалы тәуелсіздік ,

Тағдырдың тәлкегіне төзген қазақ,

Әйтеуір азайсада аман қалды ,

Бостандықтың боларын сезген қазақ.

Қайта құру басталды қарқынменен,

Алға қарай адымдап аршынменен.

Жас ұлан бас көтерді буырқанған,

Бостандықтың белгісі жуықталған.

Толқынай:

Биіктей бер Нұр аға

Қыран қанат талмасын,

Қадірлемей тұрама

Халық сіздей ағасын.

Нұр ағаның нұр жолы,

Біз сонымен жүреміз,

Мақтан етіп біз оны,

Ардақты ұл деп білеміз.

20 жыл бойы ел жұртын,

Бастап алға келеді,

Бейбітшілік рухы,

Ол кісіге керегі.

Гүлдене бер Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға – біздің ұлы адам.

Ринат:

О, Туған жер!Қасиетің ғажайып,

Тамсанамын,қарап тұрып, сыртыңнан.

Шыққан балаң қазақ деген халықтан,

Нәр аламын,Жер - Анадан,алыстан.

Қазақстан асыл анам, алтын анам,тірегім,

Саған деген махаббатқа толы менің жүрегім.

Туған жерім- Тәуелсіз Қазақстан бесігім,

Өркендету- басты арман- тілегім.

Наргиз:

Тәуелсіздік қазақтығы халықтың,

Тәуелсіздік жойылуы азаптың.

Биіктей бер,асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс аяқталды тозақ күнің.

Жерімнің жаңарды да бас қаласы,

Көркейді кербез сұлу Астанасы.

Өркендеп өрлей түсті мәдениет,

Жаңғырып асқақтады әдебиет.

Данияр:

Отаным менің өмірімнің айғағы,

Бұзылмаған ел әлі қаймағы,

Баланың жас үлпілдеген жүректі

Желбіретті Отан қанат жайғаны.

Отаным менің- кең байтақ Қазақстан,

Аман еткен талай –дүлей азаптан.

Бар әлемді ел аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін қазақтан.

Айсана:

70жылдай жүрдікғой біз бодан боп,

Тарих қалды белгісіз боп жалау боп,

Ләззат пен Сабираның бейнесі

Есте қалды мұзда жанған алау боп.

Даламның жұпар иісі аңқып жатыр,

Жерің кең,ұланғайыр-шалқып жатыр.

Астанаң Ақмолаға көшірілді

Мерейің күннен күнге өсіп жатыр.

Зымырап өте шығар мына жалған

Жақсылық тұрады әр кез күтіп алдан

Талайды , танқалдырып,тамсандырып,

Қазағым 7 – ші Азиада орын алған.

Асхатбек:

Қазақ деген халықтың баласымын,

Алда талай алынар бар асуым.

Арман жолы жүрерім бақыт жолы ,

Мүмкін емес сол жолда адасуым.

Қайран елім, қара нарым өзіңсің,

Тарих жүгін арқалаған төзімсің.

Тәуелсіздік тұғырынан бүгінде,

Шұғыла шашып қарап тұрған көзімсің.

Демеймін мен бұрынғыдай шерлімін ,

Еркін жұртпын байқалмайды кемдігім,

Шайқалмасын іргең мәңгі отаным,

Жаса, жаса, азаттығым ,теңдігім!

Айгерім:

Кең байтақ иілмесін,жығылмасын,

Көзге жас кеудеме өксік тығылмасын

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,

Қазағым сен қашанда тұғырдасың!

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,

Бірлік,достық,бейбітшілік қалауын

Мерейлі жыл 20жылдық құт болсын

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым!

Шындықты айтып қазақ халқы шырқырап,

Адалдықтың таңы атсын бұрқырап,

Ауыз бірлік мықты болсын ағайын,

Ең бірінші ырыс алды ынтымақ.

Ақынның да көкейінде жыр тұнды,

Жүрегімді мазалайды бір сұрақ

Байлық бақыт керек емес өмірде,

Ең алдымен керек екен ынтымақ.

Сымбат:

Тәуелсізбін жар саламын әлемге,

Қазақстан тәуелсіз деп бар елде.

Отаным дәуірлейді болашақта ,

Ел үмітін ақтайтын халқы барда.

Алаш деген ұрандаған ұлтым бар,

Қзақ деген қысылмаған жұртым бар.

20 жыл болған ,20-ға толған,

Тәуелсіз қазақ деген топ бастаған ұлтым бар.

Асыл:

Елімнің атын айтсам Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толы ма екен,

Байлығым атын айтсам Қазақстан.

Қазақстан бабамнан қалған мұра,

Сенбейсіңбе даламнан барда сұра.

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған,

Батырларым демесем болар күнә.

Қазақстан ұлт атын ұлықты еткен,

Ұлтжандардың арманын биіктеткен.

Өзгеде ұлт ұлысқа қоныс болып,

Оларғада жақсылықты үйіп төккен.

Құрметті оқушылар Еліміздің 2030 Азиа барысына айналар ел болуына әлемдегі 50 ел қатарына қосылуына үлес қосар қазақ елінің білімді патриот жастары сендерсіңдер.

2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз

Өркениет елімді көркейтетін

Болашақ білімді патриот жастарымыз.

1 сұрақ:Патриот деген сөзді қалай түсінеміз?

2 сұрақ:Нағыз патриот деп кімді айтамыз?

3 сұрақ:Екінің бірін патриот деуге болама?

Ринат:

Елін сүйген еңсесі биік деген халқымызда керемет дана сөз бар.Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызға арнаған «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»жолдауында патриотизмді атап көрсетті.Президенттің «Патриоттық рух бізге ауадай қажет» деген сөзі ақиқат.

Жандос:

Патриот – ұлтын сүйетін өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғас-қан салт – дәстүрін дәріптейтін ұлттық қадір-қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.

Сұлтан:

Патриот болу үшін керекті шарттың бірі – тілді қорғау.

«Халық пен тіл егіз»-деп халқымыз бекер айтпаса керек.Ендеше баршамыздың жүрегіміз халқым, тілім деп соқсын.

Данияр:

Патриот деп жалпы ұлтжанды, елжанды , елін сүйетін,халқын сүйетін ұрпақты атауға болады.Ендеше мен салт санамды , елімді сүйемін.Ендеше мені неге патриот деп атамасқа.

Асхатбек:

Өте тамаша.Ендеше сіздерге тағы бір сұрағым бар:Патриоттық сезімге тәрбиелеу керекпе? Әлде бұл қанға сіңген қасиет пе?

Жандос:

Ешкім патриот болып тумайды деп ойлаймын.Жас өспірім баланың ұлтжанды ұрпақ болуына қоршаған ортаның әсері мол.

Асыл:

Мен досымның сөзіне қосыламын.Жаңа туған баланың дыбыстауы, жылауы, күлуі, жүруі. Бұлардан басқа сырттан сіңетін қасиет: оқу, уйрену,уәдеге берік болу,тұрақтылық. Мұның бәрі қанға тәрбие арқылы сіңеді. Олай болса патриоттық сезімге баланы жастай тәрбиелеу қажет.

Мұғалім:

Қарасам Қазақстан картасына ,

Кенелген мол байлықтың алқасына.

Тұрғанда көкшіл туың көкті тіреп,

Бұйырсын әр қазақтың отбасына.

Айсана:

Алматы-жері жайсаң облыс.

Сымбат:

Ақтөбе-өлке ақ тарысы мол ырыс.

Атырау – мол Қазақстан мұнайы.

Жезқазған-кен бұзылмаған қаймағы.

Қарағанды – қара алтынның қоймасы.

Қостанай – құт қызыл бидай қанбасы.

Қызылорда-күріштің сыр ағасы.

Павлодар – қара ертістің саясы.

Талдықорған- жер жаннаты көл бағы.

Ақмола арқадан астық алқабы.

Шымкент – ыстық оңтүстігім мақтасы.

Хормен:

Жаса, жаса Қазақстан Отаным,

Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым.

Сымбат:

Ел болдық ерік алдық Астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Келетін үміт шамын алға тартып,

Балайтын бір бақытқа атқан таңым

Азат ел көрегенді бірлігі мол,

Қазақ боп туғаныма шаттанамын.

Айсана:

Енді айтарым жастар елін сүйсін деймін,

Елі үшін , еркіндік үшін күйсін деймін.

Бұрынғы өткен батыр ер бабалардай ,

Жерін,елін,халқын қорғап жүрсін деймін.

Қзақстан 20 жылын құтты болсын!

Мәңгі бақи елімізде өмір болсын!

Талайды таңқалдырып,тамсандырып,

Қазағымның әрқашан жолы болсын.

Ән:Атамекен.

Автор:
Гульбаран УАЙСОВА, Егінсу орта мектебі, Ақсу ауданы, Алматы облысы.