Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭКОНОМИКАЛЫҚ КТК


21 октября 2011, 07:50 | 3 393 просмотра


Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың экономика пәнінен алған білімдерін қайталау және бекіту.

2) оқушылардың өз бетінше іздеу бейімін қалыптастыру,ойлампаздығын өнертапқыштығын және қиялын дамыту.

3) ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Сабақтың әдісі: іздену, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс жоспары: «Өзін-өзі таныстыру»

1-топ «Тапқырлар»

2-топ «Алғырлар»

1. «Кім жылдам?»(экономикалық сөздерді табу)

2. «Кім тапқыр?» (сәйкестіктерін тап)

Тауарлар мен қызмет көрсетуді

Салық айырбастау

Мемлкет иелігіндегі барлық ақша

Сауда қаражаттары

Азаматтардың мемлекет пайдасына

Қаржы төлейтін төлем

Мерзімінде қайтарып беру шартымен ақша қарызға беру

Импорт

Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауар мен қызмет көрсету

Несие

3.«Ойлан да жауап бер»

1-топқа тапсырма

Мемлекеттік бюджеттің табыс көздері

2-топқа тапсырма

Мемлекеттік бюджеттің шығын көздері

4.Адасқан әріптер

1-топ 2-топ

КДМІЛЕӘ НЫРОК ЮАТАЛВ

КЕРІЛККӘІПС НААМРАЖ

КЕТММЕЕЛ НООПИЛЯОМ

ТАНУРДЫСҚА РАСНЫҰС

5. «Жекпе-жек» (топ басшылары сайысы)

1-топ

Бәсекеден пайданы тек өндіруші ғана емес, өнімді тұтынушы да алады қалай ойлайсыңдар, неге? (Тұтынушы өз қажеттілігі мен әмиянының мүмкіндігіне қарай ең арзан, ыңғайлы, сапалыны таңдайды)

2-топ

Банк-бұл «ақшалар өсетін» мекеме деп неге айтады? (пайыз есебінен салымшы есебіндегі ақша мөлшері әр уақытты өседі.)

6. «Әлемдік рынок»жылжымалы ойын

Екі топқа үлестірмелі қағаз беріледі: тауар аты, ел атауы, экспорт, импорт сөздері.

Тапсырма:1-топ экспорт бойынша,2-топ импорт бойынша серіктес табады.

Қортынды. Жеңімпаз топты марапаттау

Үйге тапсырма: Экономикалық термин сөздер жаттау.

Автор:
Фарида СЕЙСЕБАЙ, Экономика пәнінің мұғалімі, Қызылтоған орталау мектебі, Көксу ауданы