Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Орта мектеп физикасындағы «ҮШТІК»


21 октября 2011, 07:37 | 2 449 просмотров


1. Үш түрлі кұш: ауырлық күш, серпімділік күш, үйкеліс күш.

2. Кұштің үш үлкен маңызды факторы: шамасы, бағыты, әсер ету нүктесі.

3. Нютонның үш үлкен заңы.

4. Дене тепе-теңдігінің үш түрі: орнықты тепе-теңдік, орнықсыз тепе-теңдік, талғаусыз тепе-теңдік.

5. Кеплердің үш заңы.

6. Күштің денеге істеген жұмысы күштің шамасы,кұш пен орын ауыстырудың аралық бұрыштың косиносы сынды үшеуінің көбейтіндісіне тең.

7. Музыкалық дыбыстар үш түрлі ерекшелікке ие: тон, дыбыстың қаттылығы, тембр.

8. Тембр үш фактормен белгіленеді: қосымша дыбыстың аз-көптігі, қосымша дыбыстың жилігі және қосымша дыбыстың амплитудасы.

9. Механикада, халықаралық бірліктер жүиесінде ұзындық, масса және уақытты үш негізі шама деп белгіленген, олардың бірліктеріне метр, килограм, секундті негізгі бірлік еткен.

10. Жылудың үш түрлі таралу формасы: өткізгіштік, конвекся және радятся.

11. Молекулалық қозғалыс назарясы үш негізгі мазмұнды қамтиды: дене көптеген молекуладан құралады, молекула тоқтаусыз, ретсіз қозғалыста болады, молекулар арасында өзара әсер ететін тарту және тебу күші болады.

12. 19- ғасырдағы жаратылыстық ғылымдағы үш үлкен тапқырлық: Энергияның айналу және сақталу заңы, клетка ілімі, Дарвиннің организмдердің біртіндеп даму назарясы.

13. Газдың күйін бейнелейтін үш параметр: көлем, қысым және температура.

14. Газ күйінің өзгеріс заңдылығы үш түрлі теоряға бойсынады: Бойл-мариот заңы, Шарыл заңы,Гей-люссак заңы.

15. Денелер әдетте үш түрлі күйде сақталады: қатты күй, сұйық күй және газ күй.

16. Судың үш түрлі қасиеті бар, олар: Меншікті жылу сиымдылығы үлкен, балқу жылуы жоғары, қалыпсыз ұлғаю.

17. Буланудың тез-баяулығы мына үш фактормен белгіленеді: сұйықтық температурасының жоғары-төмендігі, сұйықтықтың беттік ауданының ұлкен – кішілігі, сұйықтық бетіндегі газ ағынының тез-баяулық дәрежесі.

18. Параллель пластикалы конденсатордың электр сиымдылығының шамасын - диэлектрлік тұрақтысы, беттескен беттік ауданы, пластиканың ішкі беттерінің арақашықтығы сынды үш физикалық шама белгілейді.

19. Тармақ тізбек үшін ом заңының бейнелейтіні: ток кұші, кедергі және кернеу арасындағы шамалық байланыс.

20. Белгілі температурада, өткізгіштің кедергі шамасы - матерялына, ұзындығына, көлденең қима ауданына байланысты болады.

21. Галванометрді өзгертіп құрастыруда әуелі үш түрлі санды мәліметті білу керек. Олар: қанығу ток күші, қанығу кернеуі, ішкі кедергісі.

22. Сол қол ережесі: Мәгнит өрісі, төк күші және магнит өріс күші сынды үш физикалық шаманың бағытын белгілейтін ереже.

23. Синосойдалық айнымалы токты бейнелейтін үш физикалық шама - Ең үлкен мән, жилік, бастапқы фаза.

24. Айнымалы токтың үш түрлі төк тізбегі болады, олар: таза кедергілі тізбек, таза конденсаторлы тізбек, таза индуктивтік тізбек.

25. Үнемі қолданылатын түзету тізбегі үш түрлі, олар мыналр: жарты толқындық түзету,толық толқынды түзету, көпірлі түзету.

26. Өнеркәсіпте үнемі үш фазалы айнымалы төк қолданылады.

27. Радио толқынының таралу формасы негізінен үш түрлі болады, олар мыналар: ионосфералық толқын, беттік толқын және түзу таралатын толқын.

28. Линзадан қалыптасқан кескін схемасын сызғанда, үш тал ерекше сызығы болады.

29. Көз құрлысында, үш дене бар, олар: көз хрусталігі, кірпік тәрізді дене және әйнек тәрізді дене.

30. Бордың атом назарясындағы үш жақтылы жорамалы – энергия деңгейі жөніндегі жорамал, секіру жөніндегі жорамал, орбита радиусы жөніндегі жорамал.

31. Табиғи радиоактивтік құбылыстағы атом ядросынан шыққан үш түрлі сәуле: а сәулесі, в сәулесі, ү сәулесі.

32. Радиоактивтік сәулені анықтаудың үш түрлі әдісі: тұманды камера, санаушы аппраты, эмулсисалық фото сурет.

33. Атом ядросы ыдырағанда бойсынатын үш қағида: энергияның сақталуы, зарядтың сақталуы, массаның сақталуы.

Автор:
Далайхан Қадыс, Егінсуорта мектебі физика пәнінің мұғалімі.