Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Кіріктірілген сабақ және ақпараттық технолгияның пайдасы


28 октября 2011, 07:51 | 5 434 просмотра


Қазіргі заманғы мектепте көптеген инновациялық педагогикалық технологиялар қолданылады, олардың ең келешегі зоры-компьютерлік технология. Бұл қазіргі өзгеріске ұшыраған орта білім беру мақсаттарының оқыту әдістеріне, құралдары мен түрлеріне сай келеді. Оның үстіне программалық оқыту идеясын дамытады, қазіргі компьютерлердің тіптен жаңа , әлі де зертелмеген бірегей мүмкіндіктерін ашады. Оларды белсенді қолдану мектеп курсы шеңберінде әр түрлі тақырыптар бойынша кіріктірлген сабақтар өткізуге мүмкүндік береді.

Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

-неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді және саналы түрде қабылдауға;

-кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға, оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерт-

теушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

-Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

-Оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;

-Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Солай, кіріктіру сабақты күшейте түсуде тиімді құрал болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық, практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Қазіргі кезде көптеген мектеп интерактивті тақталармен жабдықталғанын атап өткен жөн, алайда оларды тиімді пайдалану тәжірибесі әлі де жетіспейді.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы- ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етпейтіні даусыз.

Қазіргі сабақтарда ақпараттық технолгоия мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технолгияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт-бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірлген инновациялық технолгияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығын жан-жақты пән мұғалімдермін түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды. Оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.

Зылиха Савдабаева,

Туған жылы: 1969 жыл.

Білім мен қызметі туралы мәлімет: Жоғары. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институты,1986-1991ж.ж. Ә.Жолдасбеков атындағы академия, 2006-2008 ж.ж.

Еңбек өтілі: 18 жыл

Санаты: ІІ санат.

Автор:
Зылиха САВДАБАЕВА, № 12 орта мектеп-гимназиясы орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Талдықорған қаласы