Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ГИДРАВЛИКАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕХНИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ


28 октября 2011, 07:50 | 7 412 просмотров



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызын түсіндіру, пәнаралық байланыс арқылы білімдерін қалыптас-

тыру.

б) Тәрбиелік: 1. Ұжымда жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, мәдениеттілік пен іскерлік дағдыларға тәрбиелеу.

2. Өз күшіне сенімділік пен техникаға қабілеттілікті дамыту және өз білімін тереңдетуге тәрбиелеу.

3. Әділеттілікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа баулу, техникаға деген қызығушылығын арттыру.

в) Дамытушылық: 1. Оқушыларға тақырыпты түсіндіру кезінде ой-өрісін арттырып қабілетін дамыту, берілген тапсырманы орындауға баулу.

2. Көрнекі құралдармен өз бетінше жұмыс істеуге, топпен қарым-қатынасын жақсарту және интерактивті тақтада, стимуляторда жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: Модульдік оқыту технологиясы

Оқыту әдісі: Интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндау

Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер, диагностикалық құрал, қалам гидравликалық прибор.

Сабақтың құрылымы.

1.Ұйымдастыру сәті.

2.Өткен тақырып бойынша оқыушылардың білімін тексеру:

1) Газдандыру процесі дегеніміз не?

2) Битуминоздандану және күлдену дегеніміз не?

3) Механикалық мықтылық пен көлемдік массаны түсіндір.

4) Термодинамика ғылымы қай ғасырда пайда болды және неше бөлімнен тұрады?

5) Бірігу қасиеті мен жану алқабы дегеніміз не?

3.Үй тапсырмасы бойынша түсінбеген сұрақтарға жауап беру:

4.Жаңа тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

Әр түрлі сұйықтардың табиғи жағдайы мен олардың қолдану шараларын қарастырған кезде қозғалу заңдылығымен қоса сұйықтың күш әсері мен жер бетіне немесе басқа заттардың бетіне тигізетін механикалық әсерін зерттейді. Осындай күрделі мәселелерді зерттеу кезінде бұл ілім ғылым ретінде қалыптасты да, оны гидромеханика гидравлика деп атайды.

5.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Гидравлика деген сөз гректің су және құбырша деген сөзінен шыққан. Гидравлика әр түрлі сұйықтың тепе-теңдік жағдайы мен оның қозғалу (ағу) заңдылығын зерттейді де, осы заңның практикада түрлі инженерлік-техникалық есептеулер кезінде қолдану тәсілдерін береді. Гидравлика мынадай негізгі бөлімдерден тұрады: гидростатика, кинематика және гидродинамика.

Гидростатика сұйықтың тыныштықта тұрғандағы тепетеңдігі мен қатты дененің сұйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді.

Кинематика сұйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді.

Гидродинамика сұйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш әсерімен бірге зерттейді.

Гидравлика мына пәндермен тығыз байланысты: физика, жоғарғы математика, теориялық механика, материалдар кедергісі ғылымдары, сонымен қатар сұйықтың ғылымы турбина жобалаудың, сұйық сорғыштың, басқа да гидравликалық машиналардың, сумен қамтамасыз етудің, жер суландырудың және жер құрғату сияқты ғылым салаларының негізгі базасы болады. Барлық техника саласында гидравликалық қондырғылар пайдаланылады, олар да осы гидравлика заңын қолданады.

Гидравликаның зерттеу объектісі — сұйық, табиғатта сұйықтың 4 агрегатты күйі қатты, сұйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйықтың негізгі қасиеттеріне өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде, қатты дене қасиетінде болатындығын (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айналатындығын (бу) жатқызуға болады.

Сұйық дегеніміз - физикалық дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар. Сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.

Сұйық қозғалысының заңдылығын зерттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялды) және реалды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.

Идеалды (қиялды) - тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.

Реалды (нақтылы) - тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сұйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.

6. Сабақты қорытындылау: Оқытушы өтілген тақырып сұрақтарын қамту, қойыл-ған сұрақтарға жауап бере отырып қортындылау, бағаларын хабарлау.

а) Гидравлика нені зерттейді, қай елдің сөзінен шыққан?

б) Гидравлика қандай негізгі бөлімдерден тұрады?

в) Гидравлика қандай пәндермен тығыз байланысты?

г) Сұйық дегеніміз не, жалпы нешеге бөлінеді?

д) Идеалды сұйық пен реалды сұйықтың айырмашылығы.

7. Оқушыларға сабақтан тыс уақытта орындауға берілетін тапсырма: Үй тапсырма үшін тиісті оқулықтың авторын, бетін айту, тапсырма беру.

8. Пайдаланған оқулықтар:

1.Тәжірибелік жетекші «Кіріспе ACTIVSTUDIO» Promethean Technologies Group Limited, 2006г.

2.SCANTEK Ict – based Engineering (Teaching resources)

3.Автомобильдердің құрылысы және пайдалануы. П.Ж. Жүнісбеков, Астана-2007ж

4.Тракторлар мен автомобилдер. Б.Алиев, П. Жүнісбеков. Алматы-2005ж

5. Гидравлика негіздері Ә. Қадырбаев. Ә Қадырбаева. Астана-2008ж

6. Физика Б. Кронгарт. В. Кем. Н. Қойшыбаев. Алматы-2006ж.

Гидравликаның сипаттамасы және оның техникадағы маңызы.

Автор:
С.Д.БЕКБОСЫНОВ, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы.