Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Арнайы мектеп оқушыларының сөздік қорын дамыту


28 октября 2011, 07:47 | 3 144 просмотра



Тіл - әр ұлт өмірінің тарихы мен мәдениетін, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал.

Көне түркі халқының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұни «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» дегендей, тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы үздіксіз дамып отырғанын айқындаған.

Қазіргі таңдағы арнайы педагогиканың басты мәселесінің бірі – арнайы мектептегі оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын молайту және дамыту. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайтудан бастаған жөн. соның ішінде қарастыратынымыз зияты бұзылған балалардың сөздік қорының дамуы.

Зияты бұзылған балалардың қалыпты дамыған балаларға қарағанда сөздік қорлары екі есе баяу дамиды. Сондықтан да, осы балалардың арнайы мүмкіндіктерін ескере отырып, коррекциялық – оқыту жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі.

Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, оның ішінде сөз қорының құрамын, дамыту жолдарын көптеген зиялы ғалымдар зерттеген. Мәселен: Г.М.Дульнев, А.К.Аксенова, Г.В.Петрова, Н.В.Тарасенко, М.Г.Феофанов, М.С.Соловьева, Қ.Қ.Өмірбекова, Қ.Ж.Бектаева.

Н.В.Тарасенконың пікірінше, зерттеуінде көмекші мектеп оқушыларының өз тілдерінде сын есімдік сөздерді өте сирек пайдаланады. Бұл оқушының сөздік қорының аздығын білдіреді.

Жалпы тіл кемістігін түзету кезеңіндегі логопедиялық жұмыстар мына бағытта жүреді:

1.Қоршаған ортаны қабылдауы, түсінігін дамыту.

2.дыбыстық еліктеушілігін жетілдіру.

3.Кеңістікті бағдарлауын, сенсорлық түйсігін жетілдіру.

4.Дыбыс бұзылыстарын түзету.

5.Фонематикалық қабылдауын жетілдіру.

6.Сөздік қорын анықтау және молайту.

7.Психикалық процестерін дамыту.

8.Эмоциялық көңіл-күйін тұрақтандыру.

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын-жаттығулардың орны ерекше. Қандай бала болмасын ойынмен өсіп, жетіледі. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы.

Автор:
А.А.ҚҰСАЙЫНОВА, Облыстық көмекші мектеп- интернатының бастауыш сынып мұғалімі