Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚПАРАТТАНДЫРУ ОНКҮНДІГІ МЕКТЕПТЕ


28 октября 2011, 07:46 | 1 901 просмотр


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің арнайы жарлығымен 1997-2002ж.ж. арналған білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы алғаш рет қабылданған болатын. Арада бірнеше жылдар өткенде, бүгінгі таңда осы Мемлекеттік бағдарламаның нақты нәтижелерін көріп отырмыз. Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі мектептерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде.

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі-білім беру саласын ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру үрдісінің деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді. Қазіргі кезде оқушылар сабақта жай ғана тыңдаушы рөлінде отырғысы келмейді, оларды ұстаздың айтқандары, дайынды жазып алуы қызықтырмайды. Олар материалдармен танысу кезінде жеке жұмыс істеп, өздерінің ойлау қабілеттерін көрсете алатын, ізденісте болғанын жүзеге асыра алатын оқытудың жаңа түрлерін күтеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруде жаңа тәсіл, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет. Бұрыңғы ұстаз-ақпарат берушіден қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы ұстаз дәрежесіне көтерілуі керек. Осыған орай наурыз айында Ақын Сара атындағы орта мектебінде ақпараттық технологиялар онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке информатика пәнінің мұғалімдері ғана емес барлық пән бірлестіктері қатысты. Онкүндік аралығында көп іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек ол сынып сағаттары, газеттер, шығармалар, электрондық суреттер байқаулары, ұстаздар семинары, дөнгелек үстелдер, ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар. «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында оқушылардан сауалнама алынып, оның нәтижелері талқыланды. Онкүндік «Азиада- 2011» атты презентациялар байқауымен өз шымылдығын жауып, үлкен мерекелік іс-шараға айналды. Оқушылар берілген тақырыпқа презентация ғана дайындамай, өздерінің ән, би жағынан өнерлерін көрсетіп, слайдтарын қорғады. Бұл байқауды тамашалаған көрермендердің ризашылығы шексіз болды.

Онкүндік аралығында мектептің информатика пәнінің мұғалімдері өздерінің шеберліктерін көрсетіп бірнеше ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізді. Басқа пән мұғалімдері де қалыспай, ақпараттық технологиялар онкүндігіне арнаған іс-шараларын өткізіп белсенділіктерін танытты. Оқушыларымыз да өздерінің білімділіктерін көрсетіп, белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Осы онкүндікте өткізілген іс-шаралар барысында біздің мектеп мұғалімдеріміз қазіргі заман талабына сай компьютерлік технологияларды жетік меңгергені анықталды.

Ақын Сара мектебінің мұғалімдері ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға ғана қолданбай, бұл құралдардың мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық және дидактикалық құрал ретінде пайдалана біледі. Осының бәрі біздің мектеп заман ағымынан қалыспай, ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейтіп, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанын білдіреді.

Автор:
А.Д.БОКУЕВА, Ақын Сара атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сарқан қаласы