Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Даму мүмкіншілігі шектеулі балалардың толыққанды өмірге құқығы


28 октября 2011, 07:44 | 2 172 просмотра


Бірде-бір бала немесе жасөспірім ақыл-ой жетіспуінің немесе дене кемістігінің салдарынан т.б. себептерге байланысты білім алу құқынан айрылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы маңызды халықаралық құжаттарда бел-гіленген.

Даму мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар мен қалыпты тұлғалардың құқығы тепе-тең.

Даму мүмкіншілігі шектеулі бала- белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған, аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі бала.

Даму мүмкіншілігі шектеулі тұлғалар төмендегідей ерекше құқықтарға ие.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының 4-тарауында кемтар балалардың құқытары, олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқытары мен міндеттері көрсетілген:

15-бап. Кемтар балалардың құқықтары:

1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға құқылы;

2) мемлекеттiк медициналық ұйымдарда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тегiн тексерiлуге және тегін медициналық көмек алуға құқылы;

3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге құқылы;

4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге құқылы;

5) а) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында тегiн бiлiм алуға құқылы;

6)мемлекеттiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн кәсiптiк бiлiм алуға құқылы.

7) 1. оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.

2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттары мен кредиттерiн алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын I және II топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер басым құқыққа ие болады.

3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.

(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. Z970094 (10-тарау)

16-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң құқықтары:

1) баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда куәландыру кезiнде қатысуға;

2) баланы тексерудiң нәтижелерi, жеке әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелерi туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық, арнаулы бiлiм берумен және арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;

3) өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;

4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемiн алуға құқығы бар.

17-бап. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерiнiң мiндеттерi

1. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi, заңдарда белгiленген мiндеттерден басқа, өздерiнiң балаларын асырауды, тәрбиелеудi, бiлiм берудi, медициналық байқаудан өткiзудi, емдетудi қамтамасыз етуге, оларға күтiм жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға оңалтудың жеке бағдарламасын iске асыруға қатысуға тиіс.

2. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi балаларына күтiм жасау мен оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерiн орындаудан жалтарғаны, оларға қатыгездiк көрсеткенi, олардың денсаулығына зақым келтiргенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. K970167 (ж.б. 2-тарау); K010155 (111, 112-баптар); Z980321 (67-бап); Z020345 (50-бап).

Автор:
Г.М.ЧОКАНОВА Талдықорған облыстық көмекші мектеп- интернатының әлеуметтік педагоагы