Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сыйластыққа себеп көп


11 ноября 2011, 07:56 | 3 466 просмотров


Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға адамдар арасындағы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым қатынасының отбасылық дәстүрді сақтаудан сыйластық туындайтынын түсіндіру.

ә) Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеу, өй-өрісін дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

б) Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, пікір алысу,өз ойын ортаға салу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пән байланысы: Ана тіл, музыка

Көрнекілігі:Киіз үй құрылысы, суреттер, тест сұрақтары, ұнтаспа кубизм, кестемен жұмыс инсерт, сөзжұмбақ, ойын.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басталмас бұрын,психологиялық дайындық жүргізіп,көңілдерін көтеріп аламын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Әр түрлі сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын жан-жақты тексеріп шығу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.

а) Қонақ деген кім?

ә) «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?

б) Қонақтың қандай түрлері бар?

в) Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?

г) «Меймандостық»деген не?

«Қонақ» деген кім? Бұл- арнаулы шақырылатын жора- жолдас, туыс-туған. Қонақты шын жүректен, ыстық ілтипатпен күтеді. Шақырылмай келетін де қонақтар бар. Олар арнайы амандасуға, көрісуге, қыдырып, демалуға келуі мүмкін. Бұл да ең сыйлы қонағыңның бірі.

IV.Мақсатын қою кезеңі. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Кіріспе әнгіме

Шілдехана-(дәстүр). Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты сөздер айтылады.Шілдехана- өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.

Бесікке салу (дәстүр, ғұрып). Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрінің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылды.

Тұсаукесер (дәстүр). «Тұсауынды кесейін, күрмеуіңді шешейін». Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.

Атқа мінгізу. Баланы 4 – 5-ке толғанша әке шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды. Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады. Бәленшенің баласы «немересі» азамат болыпты,атқа мінгізу тойына шақырып жатыр десіп ағайын-туыс,нағашылары келеді.

Тілашар-бала 7 жасқа толған кезде әке-шешесі немесе атасы, әжесі қолынан жетектеп, мектепке оқуға апаратын болған. Қонаққа шақырудың себебі көп. Солардың бірі «соғым басына» шақыру. Бұл қыстың соғымнан дәм татқызу. Біздің халық «өле жегенше-бөле же» дейді. Бұл да үлкен көрегендіктің, жомарттықтың белгісі.

Ал құда тусу,қыз ұзату,келін түсіру-мұның бәрі өскелең жастардың жаңа отбасын құруына тілектестік. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деген сөзден көп мән жатыр. Қолға су қую, сүлгі беру, сыртқа шықса, алдына аяқ киімін қою сияқты ілтипатты жас балалар атқарады. Сусын құю, тәрелкелерін ауыстыру, қол сүлгілерін беру сияқты ілтипаттар кімге болса да артық емес. Бас пен жамбас көбіне құдаға, үлкен кісілерге, сыйлы адамдар-

ға тартылады. Төс пен асықты жілік күйеуге, құймышақ қыз - келіндерге беріледі

Дәптермен жұмыс

2.Оқулықпен жұмыс

VI.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі

Кубизм

1)«Қонақ» деп кімдерді атаймыз?

2) «Өле жегенше бөле же»дегенді қалай түсінесің?

3) Қандай жағдайда арнаулы қонақ шақырылады?

4) Қонақты қарсы алуды қалай түсінесің?

5) Қонақ келгенде өзіңнің қандай қатысың болады?

6) «Соғым басы» деген не ?

VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі

Бағалау.

Жумашова Ардақ Иманжанқызы

Туған жылы: 02.04.1972

Білімі: Жоғары ЖМУ

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 18 жыл

Санаты: ІІ

Автор:
А.И.ЖУМАШОВА, №6орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Жаркент қаласы,Панфилов ауданы