Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІК


11 ноября 2011, 07:51 | 12 119 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінетінін, қалай жасалатынын түсіндіру.

Сөз мағынасын түсіндіріп, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. Салыстыруға, талдау арқылы сыни ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып,жақсы іс- істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакатқа жазылған сөздер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

-Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым техниканы игеру қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиіп жатқан білімдерін тексерейік.

Сөзжұмбақ шешу:

1. Қар еріп, су көбейіп, сай-салаға ағады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл-бәйшешек жарады.

Бөбектерім айтындаршы, бұл қай кезде болады

(көктем)

2.Көктемде құстар келгенде,

Ең алдымен келетін,

Өзіміз күтіп алатын

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(қараторғай)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың білімдерін мына сұрақтар арқылы тексеру:

1. Етістік дегеніміз не?

2. Негізгі етістік дегеніміз не?

3. Туынды етістік дегеніміз не?

4. Дара етістік дегеніміз не ?

5. Күрделі етістік дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Болымды және болымсыз етістік

Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.

Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.

ІV. Оқулықпен жұмыс. 228-жаттығу ауызша орындалады.

Болымды етістіктен болымды етістік жасаңдар және жасалу жолдарына назар аударыңдар.

Үлгі: асық-асықпа

Асық, жүгір, шула, айқайла, тарық, кешік, бөгел, сүрін, күл, жағалас, теп, ти, ұмыт, жоғалт.

V. Сергіту сәті:

Тік тұрам да қос қолмен

Таянамын бүйірді

Топылдатып аяқты

Шапалақтап қолымды

Басымды мен шұлғимын

Құс қанатша қолымды

Екі жаққа жаямын

Бір отырып, бір тұрып

Орнымды мен табамын.

VІ. Ой толғаныс сәйкестендіру тест

Сабаққа бұзба

Жалқаулыққа кешікпе

үлкеннің сөзін бұрма

құс ұясын теппе

шалды бөлме

үйде ысқырма

суға түкірме

VІІ. Үлестірмелі парақшамен жұмыс.

Оқушылардың жеке типологиялық топтарына сай етіп , тапсырмалар ұсыну.

VІІІ. Сабақты қорыту

ІХ. Сабақты бекіту.

Х. Үйге тапсырма.

Қарамен жазылған етістіктің құрамын және болымсыз етістік жасап тұрған жұрнақтарды ажыратыңдар.

ХІ. Оқушылардың білімін бағалау.

Автор:
Алтын ҚЫДЫРМАНОВА, №13 арнайы мектептің педагог-дефектолог мұғалімі Талдықорған қаласы