Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазағымның қара домбырасы


11 ноября 2011, 07:46 | 5 612 просмотров



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін өсіре отырып жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту. Қазақ халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлеп үйрету. Өнерге бейімдеу арқылы әсемдік әлемін таныту, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта-ықыласын арттыру.

Көрнекілік: слайдтар, плакат, домбыра.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Қазағымның қара домбырасы» деп босқа алынбаған. Әр оқушы жан дүниесімен домбыраның қасиетін түсінсін деймін. Қазақ халқымның құдіреті-қос ішекті, тоғыз пернелі үкілі домбыра екенін түсінсін деймін

Ақын Қ.Мырзалы айтқандай:

Қазақ нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ – домбыра!

енді сөз кезегін оқушыларға берейін.

1 оқушы: Домбырада асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаз халқымыздың асылынан артық қастерлеп үкі таққан, жалғызындай аялап қақ төріне ілген ең қымбат, ең сүйікті музыкалық аспаптардың бірі.

2 оқушы: Халқымыздың мұңы мен зары, қуаныш-күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты сол киелі домбыраның қос ішегінен күй болып табылады.

3 оқушы: Біздің жерлес, ұлы ақын І.Жансүгіров домбырада ойнаған күйлерді сүйсіне тыңдаған жандардың бірі. Осы қасиетті домбыра туралы өлең жазған

І.Жансүгіров «Домбыра» өлеңі оқылады

І.Жансүгіров «Күй» өлеңі оқылады

4 оқушы: Домбыра-қазақ музыка мәдениеті тарихында ел ішінде ең көп тараған аспап. Халықтың әншісі, ақын-жырауы, ұзақ дас-

тандарды жатқа айтатын жыршылары-бәрі де «әу» деп ауызын ашқанда, өлеңін домбыранын үніне қосып шырқайды.

5 оқушы: Домбыраның өмірлік қасиеттілігі және өзектілігі Б.Момышұлы мұраларынан да орын алған: Домбыра-қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да қадірлей біл. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру добырадан басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызына жарымаған көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халықтың жанын білмейді.

Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабыл-

ған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.

«Домбыра» К.Сауғабаев

6 оқушы: Егіз сәби үніндей іңгәлаған

Домбыраның әуенін тыңда, балам.

Күй сырымен мерейім өсіп бірге,

Онсыз кейде көңілді мұң қамаған

Арулардың арманы қол жетпеген,

Аналардың мейірімі өбектеген –

Бәрі-бәрі қос ішектен төгіледі

Қоңыр сазын содан да бөлек көрем

7 оқушы: Ер жігіттің ерлігі ол жасымаған,

Пернесінде сөйлейді жасыл далам

Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың

Өзі болып күй шертер ғасыр маған

Сыр ашады Махамбет, Мәдилерім

Ұрпағымен ұзартып ән-күйлерін.

Домбырасыз үйімнің сәні келмес,

Домбыра боп, туған жер, әлдилегін.

Өлең «Домбырасыз ән қайда?»

8 оқушы: Балалар, сендер білесіңдер ме?

Домбыра – қазақ халқының рухы мен жаны.

Домбыра – адамның ішкі жан дүниесін емдейді, қолдайды, көтереді, денсаулықты нығайтады.

9 оқушы: Домбыра еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра – жарысуға, таласуға, ізденуге баулиды. Домбыра шерте білу – ата-кәсіп дәстүрін негіздеу.

«Кеңес» күйі орындалады.

К.Әзірбаев «Жан серігім домбыра» өлеңі оқылады.

10 оқушы: Балалар, мынаны есте сақтаңдар! Домбыра үйрену-еңбек. Домбыра пернесін басып, әуен шығару, бір мезгілде поэзия қосып нәтижесін көрсету-логика.

11 оқушы: Домбыра екі ішегін тартып, есту арқылы құлақ күйін келтіру-физика. Домбырадағы орындалған күй мазмұнын елестетіп әңгімелей білу-бейнелеу. Домбыраға қосылып ән-терме, өсиет шығару, оны орындау-әдебиет «Домбыраның киесі» - аңыз айтылады.

К.Әзірбаев «Домбырашы боламын» өлеңі оқылады.

12 оқушы: Құрметті, достар, мен бүгін айтыскер ақынмын. Айтысқа Аманжолды шақырамын.

13 оқушы: Домбыра арқылы тең айтысқа түсу, ойдың еркін әлі ашықтығы-демократия.

Күй «Бақтыбайдың әуені» орындалады

Мұғалім: Міне бүгін сендер домбыра туралы көп мағлумат алдыңдар.

Домбыра-атадан қалған асыл мұра екенін ұмытпайық. Тәрбие сабағымызды әдемі әнмен аяқтайық.

«Домбыра туралы баллада» әні орындалады.

Автор:
Алмагүл ЕСЕНГАРАЕВА, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының бастауыш сынып мұғалімі Жансүгіров кенті