Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ӨСІМДІК ҰЛПАЛАРЫ


11 ноября 2011, 07:44 | 21 877 просмотров



Сабақтың мақсаты:

Біліктілік: Оқушыларға өсімдіктердің адам-

ға деген пайдасын, өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру. Өсімдіктегі ұлпалардың түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап-түсіндіру.

Көрнекілігі: Карточкалар, жасушалардың суреттері.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Өсімдік жасушасының құрылысы:

Ядро.

Вакуоль.

Қабықша.

Цитоплазма.

Қабықша саңылауы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шығу тегі.

Құрылысы, атқаратын қызметі ұқсаса жасушалар тобын ұлпа дейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ұлпаларынан мүшелер, ал мүшелерден ағза түзіледі:

Жасушалар тобы стрелка, ұлпа, стрелка, мүше, стрелка, ағза.

Өсімдіктердегі ұлпалардың түрлері: түзуші ұлпа, жабын ұлпа, негізгі ұлпа тірек ұлпасы, өткізгіш ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа.

Тірек ұлпасы - өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасқан ұлпалар өсімдікте тірек қызметін атқарады. Тірек ұлпасы сабаққа жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет береді. Нәзік сабақтары қатты дауыл соқса да сынбайды. Тақтасы үлкен жапырақтардың қатты желге жыртылмай, керіліп, сабақтан үзіліп кетпеуі тірек ұлпасына байланысты. Мысалы, алмұрт, шетен, беже, жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар тірек ұлпа. Жаңғақ, шие, алхоры, өрік, шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі тірек ұлпасына жатады.

Негізгі ұлпа - өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Тірі жасушалардан тұрады. Сабақта, пиязшықта, жапырақта, жемтамырда, тамыр сабақта болатын қоректік ұлпалар қор жинауға қатысады. Жасушалар арасындағы ауа кеңістік-

тері де қоректік ұлпаға жатады. Зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсулар, майлар қорға жиналады. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып, негізгі ұлпа дейді. Фотосинтездеуші ұлпа хлоропластары бар тірі жасушалар тобынан тұрады. Жұқа өңнің астында орналасады. Жапырақ пен сабақтағы фотосинтездеуші ұлпа жасушаларының арасында бос кеңістіктер бар. Әсіресе, суда және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктерде жақсы дамыған. Қызметі негізгі ұлпа сіңіру фотосинтездеуші қорға жинаушы газ алмасу қызметін атқарады.

Жабын ұлпа - өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Жабын ұлпа өң, тоз, қыртыс деп бөлінеді.

Түзуші ұлпа – жасуша қабықшасы жұқа, бір бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. Түзуші ұлпа сабақпен самырдың ең ұшында болады. Тек түзуші ұлпаның жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. Қызметі жасушалар ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршік жарады. Бітеу гүлдер ашылады. Тұқымнан жаңа өсімдік өсіп шығады. Сылынған қабық пен сынған ағаштардың қайта қалпына келуі түзуші ұлпаның қызметіне байланысты.

1.Өң жасушалары тірі, бір бірімен тығыз жанасқан. Алғаш өскен кезінде гүлдің бөлімдерін, жапырақты, жемісті, сабақты және тамырды қаптап тұрады. Қызметі өсімдік мүшелері суды артық мөлшерде буландыруынан, зақымдануынан қорғайды.

2.Тоз көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналады. Қызметі су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз қабат.

3.Қыртыс ең соңынан, түзілетін қабат. Өсімдік сабақтары жуандаған сайын тозда жаңа қабаттар пайда болып, қыртыс түзіледі. Қыртыс жасушалары өлі болады.

ҮІ. Қорытынды.

ҮІІ.Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау

Автор:
Патима АСАНОВА, Н.Өмірзақов атындағы мектеп биология пәнінің мұғалімі, Қаратоған ауылы, Райымбек ауданы