Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҚШАЛАРДЫ АШУ. ҰҚСАС МҮШЕЛЕРДІ БІРІКТІРУ


11 ноября 2011, 07:43 | 3 428 просмотров



Сабақтын мақсаты:

1.Білімділік: оқушының білімге деген қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақтың түрін түрлендіріп, әрбір оқушыға сапалы және терең білім беру, ой- өрісін кеңейту.

2.Дамытушылық: жеке тұлғаның ойлау және есте сақтау қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін дамыту.

3.Тәрбиелік: алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өзін- өзі басқарып, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың әдісі: тест, деңгейлік тапсырма. Сұрақ -жауап.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, сызбалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлігін бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, өткен материалды қайталасақ

1.Оң және теріс таңбаларды қосу.

2.Азайту, көбейту, бөлу.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

А) Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.

A+ (-b+c-d) = a-b+c+d

1-мысал: 7+ (-9a+4b-c) = 7 - 9a+ 4b-c

Б) Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда ішіндегі қосыл-ғыштардың таңбалары қарама- қарсы таңбамен алмастырылады.

a-(b-c+d) = a-b+c-d

2- мысал: 4,6 - (2a-3b+7c) = 4,6-2a+3b-7c

В) Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэфиценттерін қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

3- мысал:

2,5x-3y+1,2z+7x-5z+1,8y= (2,5+7)* x (-3+1,8)y+(1,2-5)z =9,5x-1,2y-3,8z

IV. Есептер шығару

V. Сәйкестікті таңбыңдар

a-(b-c) 3-4m+n

m+(n-k) 2-3a+b

2-(3a-b) x+3-y

8a +(9-b) m+n-k

X +(3-y) 8a+9-b

3-(4m-n) a-b+c

VI. Математикалық диктант

1.a*0=0

2.10*(-1)= -10

3.(-1)*(-1)*(-1) = -1

4.2-11=-9

5.5- ке кері сан = 1/5

6.7- ге қарама - қарсы сан, -7

7.1/9+8/9=1

VII. Сабақты қорытындылау

А) Жақшаның алдында «+» таңбасы болса .....

Б) жақшаның алдында «-» таңбасы болса .....

В) Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

VIII. Оқушыларды бағалау

IX. Үйге тапсырма

Автор:
Г.С. БЕЙСЕКОВА Сагадиева «Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекетік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі, Алтынарқа ауылы,Ақсу ауданы