Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мұсылман діні - Ислам»


18 ноября 2011, 07:49 | 7 755 просмотров



Мақсаты: Оқушыларға ислам діні туралы түсінік беру, олардың ой-өрісін дамыта отырып, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрден тыс сайыс сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой-талқы

Көрнекілігі: қима қағаздар, кесене суреттері, сөзжұмбақ, діни терминдер жазылған карточкалар

1.(Мұғалім сөзі) Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгінгі сайыс сабағымызға хош келдіңіздер! Сабағымыздың тақырыбы «Мұсылман діні - Ислам». Бұл сайысқа 9а және 9б сынып оқушыларынан құралған топтар қатысады, әр топта 7 оқушыдан, әрбір топтың өз топ басшысы болады. (әділқазы алқасы сайланады) Сабағымызды бастамас бұрын мен сіздерге дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінік беріп өтейін.

Дін-қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы. Ол Құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы. Ал ислам дініне келетін болсақ, «ислам» сөзі арабшадан «бейбітшілік», «бағыну», «мойынсұну» деген мағыналарды береді. Ислам дінінің негізін қалаушы – Мұхаммед. Мұхаммед бір ғана құдіретті Алладан басқа құдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың жердегі өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ислам дінін 630 жылы араб халқы қабылдап, Мекке қаласын ислам дінінің орталығы деп таныды. Қасиетті кітабы – Құран.

2. Сайыс турлары: (сабақ 6 турдан тұрады)

І.Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады, оған ұпай қойылады)

ІІ. «Кім жылдам» (Бұл турда әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады, барлық сұрақ саны 10, жауап бере алмаған топтың сұрағына екінші топ жауап беріп, ұпай жинауына болады)

Сұрақтар:

1-Дін дегеніміз не?

2-Ислам дінінің негізін қалаушы кім?

3-Мұсылманның бес парызын ата?

4-Қағба дегеніміз не?

5-Иман шарттарын атап бер?

6-Ислам дінінің қасиетті кітабы?

7-Әлемдегі атақты үш дін?

8-Мұхаммед өзін қалай атады?

9-Араб тайпалары ислам дінін қай жылы қабылдады?

10-Ислам діні неге шақырады?

3. «Құпия сөз» (Екі топтың алдына буындар жазылған қима қағаздар беріледі, олардан діни сөздер құрастыру керек)

-пайғамбар -кесене

-қажылық -құбыла

4. «Ойлан, тап!»

Сөзжұмбақ сұрақтары: 1.Әлемдегі үш діннің бірін ата? (Ислам)

2.Алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген пайғамбар (Мұхаммед)

3.Иман сөзі қай тілден алынған? (араб)

4.Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

5.Рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымының тарихи нысаны (Дін)

6.Бес парыздың бірі (Қажылық)

7. Ислам діні неге шақырады? (тәрбиелікке)

8.Намаз қай жаққа қарап оқылады? (құбыла)

9.Бүкіл мұсылман жұртшылығы мерекелейтін мейрам (Құрбан айт)

5. Топбасшылар жарысы «Жасырынды суреттер» (төрт сурет жасырылған, суреттерде кесенелер бейнеленген, екі топбасшы кезекпен таңдап, ондағы кесенелер туралы айтып берулері керек)

1-Қожа Ахмет Иассауи

2-Айша бибі

3-Бабаджа Хатун

4-Арыстан Баб

6. «Терминдердің мағынасы неде?» (Карточкаларда діни терминдер жасырылған, оқушылар солардың мағынасы неде екенін түсіндірулері керек)

Аят, зекет, қағба, құран, қажылық, медресе, мешіт, намаз, парыз, ораза, сүре, хадис, хижра, шариғат, халал.

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан не біліп, қандай әсер алдыңыздар? Яғни, сіздер рухани білімдеріңізді көтердіңіздер. Енді әділқазы алқасы ұпай санын есептеп, қай топ жеңіске жеткенін айтсын.

Автор:
Гүлзира БЕЛІМБАЕВА, Матай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесі тарих пәнінің мұғалімі.