Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Халық тарихы – қасиетті мұра


18 ноября 2011, 07:45 | 4 220 просмотров



Елбасымыз биылғы жылғы дәстүрлі Қазақстан халқына арналған «Болашақта іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында «Биыл біз бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық» - деп атап көрсетті. Осынау мерейлі мерекені есте қалдыру үшін мектебімізде «Көкбайрағым желбіреген – Тәуелсіздік таңы атты» тақырыбында тарих апталығын өткіздік.

Апталықтың мақсаты – халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі, тілі мен діні, мәдени қазынасы, жиырма жыл мерзімдегі жеткен жетістіктері, дүниежүзілік қоғамдастықта, қазіргі таңдап алып отырған орны туралы оқушылар білімін жетілдіру, елін, жерін сүюге, ұлтшылдыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу.

Апталық өткізілмес бұрын тарих үйірмесі мүшелерінің апталық жоспары жасалып, әр апта күндеріне, әр сыныпқа оқушыларға міндеттер бөлініп берілді. Онда түрлі тақырыптарға рефераттар даярлау, тарихи танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, ребустар, жарыстар өткізіліп, суреттен, газет шығарудан конкурстар ұйымдастырылды.

Осы апталық аясында өткізілген «Шаңырақ» ойынына тоқталып өтейік. 9-11 сыныптар арасында өтізілген «Шаңырақ» тарихы-танымдық ойыны 5 бөлімнен тұрады, оған әр сыныптан 3-тен оқушы қатысады.

І – бөлім. Салт дәстүрді білесің бе?

Жүргізуші ойынға қатысушыларға осы тақырып аясында сұрақтар береді, қай команда алдарындағы қамшыны бірінші көтерсе сол команда жауап береді.

ІІ – бөлім Сен маған – мен саған

Бұл бөлімде әр команда қарсыластарына үйден даярлап келген сұрақтарын қояды. Мысалы, 9 сынып оқушылары 10 сыныпқа мынадай сұрақтар қойды.

1.Қазақстанда болған ұлт-азаттық көтерілістерді ата.

2.«Қазақстан 2030» бағдарамасы туралы не білесіңдер ?

3.Қазақстанның төл тенгесі қашан шықты?

Ал, 11 сынып оқушыларының сауалдары мынандай болды.

1.1723 жылы Қазақстан тарихында қандай оқиға болды?

2.Елбасы жолдауы дегеніміз не?

3.Мемлекеттік рәмізер қашан қабылданып, авторларын атаңдар?

ІІІ бөлім Өнер көзі халықта

Жүргізушіәр командаға қазқ халқының өнер туындыларын көрсетеді, олар оныңне зат екендігі, асалу жолы, не үшін керек екендігін айтуы керек.

9 сынып 10 сынып 11 сынып

1. Уық 1.Келі 1. Торсық

2. Тұсау 2. Қамыт 2. Тайқазан

3. Ер тоқым 3.Қоржын 3. Саба

Мысалы, уық – кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш. Уық саны кереге басының санына қарай құба талдан жасалады. Үйдің маңдайшасына алты уық байланады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып, имек келеді. Мұны уықтың кіні дейді. Уықтың жоғары, түзу жағын - қары, шаңырақ көзіне кіріп тұратын төрт қырлы ұшын қаламы дейді.

Уықтың кереге басына байланатын жағы тесіліп, бау өткізіледі, оны уықбау деп атайды.

ІV бөлім Таным таразысы

Мақал-мәтел жарысы. Командалар мақал-мәтелдің басын айтады, қарсыласы жалғасын айтып, мағынасын түсіндіреді.

V бөлім.

Тәуелсіз Қазақстан «Бейбітішілік пен жасампаздықтың – 20 жылдығы»

Жүргізуші: Тәулсіздіктің 20 жылдығына байланысты оқушыларға сұрақтар береді.

Мысалы:

1.Қазақстан Егемндігі туралы декларация қашан қабылданды. (1990 ж 25 қазан)

2.Қазақстанда тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті. (1991 ж 1 желтоқсан)

3.Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қашан қабылданды. (1999 ж 28 қаңтар)

4.Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қашан, қашан өтті. (1992 ж 28 қыркүйек)

5.Елтаңбамыздың авторын ата. (Шота-Аман Уалиханов және Жандарбек Мәлібеков)

6.Биыл желтоқсан оқиғасына неше жыл. (25 жыл)

Автор:
Мұрат МҰСАХАНҰЛЫ, жоғарғы санатты тарих пәні мұғалімі Алғазы орта мектебі Қарақұм ауылы Қаратал ауданы