Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Еліміз жастарының талпынысы жоғары


25 ноября 2011, 07:58 | 1 862 просмотра


-Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін де ескеріп отырмыз. Бұл туралы қарашаның 23-де Астанада АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфакспен кездесу кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Бізде қазіргі кезде ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы белсенді жұмыстар бойынша жаңа кезеңі басталып отыр. Меніңше, бұл жақсы бағыт болып табылады. Білім саласында біз Еуропадағы және АҚШ-тағы үздік тәжірибені алып отырмыз. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік үздік тәжірибемен қатар өзіміздің ұлттық ерекшеліктерді де ескеріп отырмыз»,-деді министр.

Бұл тұрғыда ведомство басшысы Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасының ерекшеліктерін айтып өтті.

Өз кезегінде К. Фэйрфакс бүгінде АҚШ-та оқып жүрген Қазақстан студенттері жалпы мемлекет жайында өте жақсы пікір қалыптастырып отырғандығын ескеріп өтті. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық жастардың білім алу үлгерімі мен ғылымға талпынысы жоғары деңгейде.

Талдықорғанда жаңа балабақша ашылады

Талдықорған қаласында мемлекеттің қолдауымен салынып жатқан қазіргі заманға сай балабақша 145 бүлдіршінді қабылдай алады.

«НАК» ЖШС Алматы облысы бойынша жүргізіліп жатқан «Бизнестің жол картасы 2020» стратегиялық бағдарламасы аясындағы бірінші бағыттың қатысушысы болды.

«Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Ринат Талтүсовтің айтуы бойынша, қаржыландыруға байланысты дайындалып жатқан үш жақты келісім бойынша балабақшаны салу үшін кәсіпкер «Альянс Банк» АҚ-дан алған несиенің 7%-ын мемлекет төлейтін болады.

Мектепалды білім беру жағдайын жақсартумен қатар жоба қалалықтар үшін 41 жұмыс орнын ұсынады.

Бүгінгі күні балалардың мектепалды мекемелерінде қамтылуы 56,5%-ды құрайды.