Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҢАША ОҚЫТУ


25 ноября 2011, 07:46 | 2 151 просмотр



Мемлекеттік тілді оқыту мақсаттарының бірі танымдық біліктілікті қалыптастыру, яғни қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту. Қазақ тілін оқып үйрену барысында оқушы қазақ халқының тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, ғылымын, өнерін,ғалымдарын, ақын-жазушыларын танып біледі.

Дегенмен, «Қазақ тілі» пәнінің негізгі мақсаты танымдық әрекет емес, тіл үйрету, коммуникативтік қатынасты қалыптастыру бол-ғандықтан өзге тілді мектеп оқушыларына өздері өмір сүріп отырған мемлекеттің тілін шын жүректен үйреніп, сол тілде еркін қатынас жасай алатындай дәрежеге жету міндеті жүктеледі. Бұл міндет оқушылар коммуникативтік компоненттерді дұрыс қолдана алған жағдайда орындалып, тілді меңгеруге жол ашылады.

Қазіргі кезде мамандарға қойылатын талап: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту яғни тілдің және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартыда көрсетілген. Қазақ тілін оқытып, үйрету-көптеген ізденістерді, жаңа технологияны қолдануды керек етеді.

Оқытудың жаңа технологияларын белсенді түрде- оқу тәрбие процесін енгізу үшін мектебімізде мұғалімдердің шығармашылық топтары құрылып, жұмыс істейді.

Ұстаздар үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. Оқыту техналогиясының негізі- оқушының өз бетінше оқу-танымдық іс-әрекеті.

Осы бағытта оқу- білім саласындағы басты мақсат-оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Мектебіміздегі қазақ тілі мен әдебиет әдіс бірлестігі мүшелері де жаңа техналогиялардың элементтерін сабақтарында енгізіп жүр.Мен өз сабақтарымда М. Жанпейісованың «Модульді оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Бұл оқыту техналогиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндігін береді.

Тіл үйретуде ұтымды әдістердің бірі-деңгейлік әдіспен тапсырма беру.

Қазақ тілі сабағында өз тәжірибемнен байқағандықтан модульді оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері мынандай деп ойлаймын:

* Мүмкіндігіне қарай оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді;

* Басқаларды тыңдауды, кез келген жауап-

қа сыйластық, түсінікпен қарауға;

* Өз ойын топ алдында ашық айта білу, қорғай білуге;

* Өз бетінше ізденуге үйретеді;

* Сабақтың сапасы мен мазмұны артады;

* Оқушы өз қызметіне талдау, қорытынды, өзіне-өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады.

Модульдік технология оқушылардың даму, тану қабілеттерін жетілдіруге жақсы әсер етеді, қызығушылығы мен белсенділігін дамытады, мұғалімнің шығармашылықпен, ізде-німпаздықпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Сондықтанда менің алдыма қойған мақсатым: басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертіп ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Менің ұстанымым: қазіргі заман талабына сай, жан-жақты, білімді, саналы, өз бетімен, ойлай білуге талпынатын, өзінің көз-қарасы бар, ой-тұжырымы бар, Қазақстанның мүддесін қорғайтын бала тәрбиелеу.

Автор:
Жанар НОҒАЙБАЕВА, Н. Островский атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі. Сарқан ауданы