Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Алғашқы функция және интеграл тарауын қорытындылау


25 ноября 2011, 07:43 | 4 933 просмотра



Cабақ мақсаты :

А)өткенді қайталау және пысықтау арқылыоқушылардың білім деңгейін одан әрі тереңдету. ҰБТ-де өз білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу. Ә) ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру

Б)Оқушылардың ойын жеткізе білуін және логикалық ойлау қаблетін дамыту

III. Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

VIII. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімніңкіріспе сөзі 2–3 минут

2.Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Үй тапсырмасына берілген есептерді тексеріп, қиындық туғызған есептерді талқылайды.

Координатаны дифференциалдау арқылы sў (t)=v (t) жылдамдықты табамыз. Екінші рет дифференциалдасақ, үдеу табылады. vў(t)= a (t)

Алайда механикада нүктенің үдеуі a (t) белгілі, жылдамдықтың өзгеру vў(t) заңын және сондай-ақ s(t) координатасын табу керек болады. Мұндай есептерді шығару үшін дифференциалдау амалына кері интегралдау амалын қолданамыз.

Интегралдау есебі дегеніміз – берілген функция үшін оның барлық алғашқы функцияларын табу. Қисық сызықты трапецияның ауданын Ньютон – Лейбниц формуласы арқылы табамыз.

3.Үй тапсырмасы бойынша сайыс өткізу

Оқытушы үй тапсырмасына тоқталып, оқушылардыотырған қатарлары бойынша үш топқа бөледі.

Әр оқушының жинаған ұпайы бағалау парағына жазылып отырады.

3.1. Сайыстың І бөлімі ІБіліктілік І сайысы деп аталады.

4. Функцияның тұрақтылық белгісі (3 ұпай)

Функцияның тұрақтылық белгісі . Егер қандай да бір I аралықта

F’ (x)=0 болса, онда F функциясы осы аралықта тұрақты шама болады.

5. Анықталмаған интеграл дегеніміз не? (4 ұпай)

Анықтама : Берілген аралықтағы Ұ(х) функциясының алғашқы функциясы осы аралықтағы Ұ(х) функциясының анықталмаған интегралы деп аталады.

Белгіленуі: т Ұ(х) dx ( икстен эф де икс функциясының анықталмаған интегралы деп оқылады)

Анықтамаға сәйкес: тҰ(х)dx=F(x)+C

Мұндағы: т - интеграл таңбасы

Ұ(х) – интеграл астындағы функция

Ұ(х) dx – интеграл астындағы өрнек

х- интегралдау айнымалысы

C- кез-келген тұрақты шама

6. Интегралдау ережелері (4 ұпай )

Алғашқы функцияны табудың ережелерін анықталмаған интеграл белгісінің көмегі ар-қылы жазған ыңғайлы.

7.Анықталмаған интеграл қасиеттері (5 ұпай)

8.Анықталған интеграл қасиеттері: (5 ұпай)

9. Анықталған интеграл мен алғашқы функ-

цияның арасындағы байланыс (Ньютон-Лейбниц формуласы) ( 4 ұпай)

3.2 Сайыстың II бөлімі «Тапқырлық» сайысы деп аталады.

Сыртына ұпайы жазылған есептер шығарылады. Есептер кеспе қағаздар арқылы таратылады.

F(х) функциясының f(х) функциясы үшін көрсетілген аралықта алғашқы функция болатынын дәлелде:

Анықталмаған интегралды табыңыз:

Ал басқа оқушылар үшін интерактивті тақтаға жазылған есептерді шешу ұсынылады. Әрбір есеп 5 ұпайға саналады.

1. y= x+2, x=-1, x=2 және х осімен шектелген фигураның ауданы неге тең?

Әр топтың ұпайлары анықталады. Орнында отырып шығарған есептер тексеріліп, ұпай беріледі.

Оны да бағалау парағына жазып қояды.

3.3. Сайыстың III бөлімі ІКім жылдам? І деп аталады. Мұнда тест бойынша білім деңгейі тексеріледі.

Қорытындылау: 3 - 5 мин.

Бағалау парағы бойынша, оқушылар бағаланады және жеңген топ жарияланады. Оқытушы ерекше көзге түскен топты және оқушыларды атап өтеді.

Автор:
Р.Ғ.НҰРСАПАЕВА, Абай атындағы мектеп-гимназиясы математика пәнінің мұғалімі Сарқан қаласы