Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

С.Мұқанов. «Жылқы», М.Жұмабаев «Жылқышы»


25 ноября 2011, 07:41 | 3 522 просмотра



Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: С.Мұқановтың «Жылқышы» мәтіні мен М. Жұмабаевтың «Жылқышы» өлеңінің мазмұнын ашып, идеясын түсіндіру.

2. Дамытушылық: өз ойын еркін айтуға, ой-өрістерін, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасауға және сол іс-әрекеттерінен қортынды шығара білу дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: төрт түлікті күтіп баптауға, қамқоршы болуға, жақсы қасиеттерге баға беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,слайдтар.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелесу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық (қимылмен көрсете отырып,оқушылар хормен айтады.)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Сахналық қойылым «Ара мен шыбын».

3. Жаңа сабақ.

-Ендеше,бүгінгі сабағымызда осы төрт түлік малдың ішінде жылқы малына тоқталамыз.

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ , бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ-деп Абай атамыз жылқыны сипаттаған екен. Ал сендер жылқыны қалай сипаттар едіңдер?

С.Мұқановтың «Жыл-

қы» мәтінін өтеміз. С.Мұқанов (1900-1973жылы туылған). Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған.Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері. «Өмір мектебі», «Балуан Шолақ», «Ботагөз» т.б. көптеген шығармалары бар.

-Жылқының адам баласына пайдасы туралы не білесіңдер?

А) Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып, талдау.

Сөздік жұмысы.

Қос- шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы ортада бағу кезінде көшіп- қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.

Сұрақтарына жауап беру.

Ә) Сергіту сәті.

Сұрақтарға жауап беру:

-Өлеңде қысқы табиғат қалай суреттелген?

-Жылқы малын күтуге байланысты қандай еңбек түрлері атқарылады?

Б) Дәптермен жұмыс.

«Ер- қанаты ат» тақырыбына әңгіме жазу.

4.Қорытындылау.

-Балалар, бүгінгі өткен тақырып бойынша үйренгенімізді ортаға салайық.

-Жылқы малының түстері туралы не білеміз?

-Жылқы малына байланысты қандай мақал-мәтел білеміз?

-Жылқы малына байланысты қандай тыйым сөздерді білеміз?

-Жылқы атасы кім?

Сабақты бекіту.

6.Үй тапсырмасы. «Жылқы»және «Жылқышы»мәтіні мен өлеңін мәнерлеп оқу, маз-мұнын айту, өлең құрастыру.

7.Бағалау.

Автор:
Ақбаян БАЙСАЛОВА, №1 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі. Алакөл ауданы.