Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Математикалық білім сапасын арттыру


2 декабря 2011, 07:55 | 2 127 просмотров


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің І Съезінің ұсынымдарын іске асыру жоспарына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Орта мектеп пен жоғары оқу орындарындағы математика курсы мазмұнының сабақтастығы мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинар жұмысының барысында мектеп және жоғары оқу орындарындағы алгебра және анализ бастамалары мен геометрия курстары мазмұнының сабақтастығын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, семинар аясында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды дайындаушылардың математика терминдерін түрлі нұсқада пайдалануының алдын алу мақсатында мектеп пен жоғары оқу орындары деңгейлерінде қолдануға арналған қазақ тілінде бірыңғай математикалық терминологияны қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселелердің қарастырылуы көзделіп отыр.

Семинардың секциялық жұмыстарында қатысушылар 11 жылдық мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және «Математика» мамандығы бойынша жоғары білім беру деңгейінің стандартын талдады.

Сонымен қатар, мұғалімдерді «Математика және информатика», «Математика және физика» және т.б. қос мамандық бойынша даярлау мәселелері, яғни мектеп пәндерінің мазмұнын кіріктіру жағдайында математика пәнінің мұғалімдерін даярлау жолдары нақтыланды.

Автор:
ҚР БҒМ баспасөз қызметі