Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ТУЫНДЫ ЗАТ ЕСІМ


9 декабря 2011, 07:44 | 3 650 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.

2.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың зат есімді сатылай кешенді талдауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа ,шығармашылыққа баулу; өз ана тілінің қадір-қасиетін, мәртебесін көтеруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын-сабақ

Әдісі: ой-қозғау, топпен жұмыс, сатылай кешенді талдау технологиясы

Көрнекіліктер: тірек-сызба, ребус, сөзжұмбақ, ойын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз

Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.

Ана тілді қастерлесек қадірлеп.

Болашақта самғай ұшып кетеміз.

2.Үй тапсырмасын тексеру

1.17- жаттығуды тексеру

2. «Сөзден сөз шығару», ойыны «Кемпірқосақ».

3.Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақ ойын түрінде, әрі тіліміздің мәртебесін көтеруге, атсалысу.

Біз ойнап отырып оқимыз, үйренеміз. Сабақ «Бақытты сәт» деп аталады. Екі топқа бөлінеміз.

1-топ

Ұраны:Сүйемін туған тілді, анам тілін.

2-топ

Ұраны:Тіл бар жерде, өмір бар.

1.Бірінші сәт: «Сен- маған, мен-саған»

Негізгі және туынды зат есімге байланысты екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

2.Екінші сәт: «Суретті сөйлет»

Екі топқа сюжетті суреттер беріледі, сол суреттерден

1)Мәтін құрастыру

2)Ат қою.

3.Үшінші сәт: «Ой -толғаныс»

Оқулықпен жұмыс

1-топ 27-жаттығу

Негізгі зат есімнен туынды зат есім жасау

2-топ 29-жаттығу

Сөз құрамына талдау

4.Төртінші сәт: Мақал-мәтел сайысы

Тіл туралы 1-минутта қанша мақал-мәтел айтады.

5.Бесінші сәт: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны

1-топ 2-топ

1)Жер-су аттары 1)Тау аттары

2)Құс аттары 2)Гүл аттары

6.Алтыншы сәт: «Шығармашылық айналым»

1-топ

1.Тіл туралы өлең құрастыру

2.Өлеңнің ішіндегі бір негізгі зат есімге сатылай кешенді талдау жасау

2-топ

1.Тіл туралы әңгіме жазу

2.Әңгіменің ішіндегі бір туынды зат есімге сатылай кешенді талдау жасау

7.Көсемдікке үйрету

Сөзжұмбақ, ребус шешу.

8.Полиглот

Жұмбақтың шешуін үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту.

IV.Сабақты қорыту.

«Кім жылдам?» ойыны

Тақтадағы сөздердің ішінен :

1топ

Негізгі зат есміді тауып айту

2-топ

Туынды зат есімді тауып айту

V. Бағалау.

Жарыс қорытындысын айту

VI .Үйге тапсырма беру

2) Екі сөзге сатылай кешенді талдау жасау.

Автор:
Г.А.МАЯМЕРОВА, бастауыш сынып мұғалім Тарас орталау мектебі Ақсу ауданы