Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗІДІГІМІЗДІҢ 20 ЖЫЛ ТОРҚАЛЫ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


9 декабря 2011, 07:26 | 1 792 просмотра


Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген ата-бабамыздан қалған қағиданы ұстансақ, болашағымыз баянды, жастарымыз бақытты, еліміз мықты,

Қазақстанның дәрежесі мен мерейі арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді»,-демекші, бірлігіміз нығая берсін, еліміздің іргесі берік, болашағымыз баянды, білімді ұрпақтарымыз білімдерін шыңдай берсін. Азат Қазақстанымыздың Туы әрдайым биіктерде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалып, Елтаңбамыз жайнап, жарқырай берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Қапшағай қалалық білім,

дене шынықтыру

бөлімінің бастығы

Раиса Советқызы Ешімова