Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қош келдің, Наурыз


16 декабря 2011, 07:45 | 2 360 просмотров



1.Мұсылман халқының Жаңа жылы – Нау-

рыз мейрамы туралы түсінік беріп, мәтінді дұрыс,түсініп, мәнерлеп, сауатты, жылдам оқуға дағдыландыру.

2.Оқушылардың ой – өрісін дамытып, жүйелі сөйлеуге тілдерін машықтандыру.

3.Оқушыларды салт –дәстүрді құметтеуге, қоршаған ортаның тылсым сырларына, туған халқының табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,түсіндіру, әңгімелеу, салыстыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән байланысы: дүниетану, бейнелеу, саз өнері

Көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, тірек сызба, үнтаспа, теледидар, тест сұрақтары, асық, қоржын,бүктемелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Б) Сабаққа психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қабыкен Мұқышевтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқыту, түсініктерін сұрау.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

1. Көктемнің өкпек желі соққанда табиғатта қандай өзгерістер болады?

2. Көктемнің жаңбыры қандай?

3. Жер бетінде қандай өзгерістер болады?

4. Жаңбыр жауғанда балалар қайтеді?

5. Олар жаңбырдан кейін қалай өзгереді?

ІV. Мақсатын қою.

Оқушылардың тіл туралы ұғымын жетілдіруге назар аударамын.

1.V. Жаңа материалды түсіндіру.

1.Кіріспе әңгіме

Қазақтың көрнекті ақыны, қайраткері. Ол қазір Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сарықопа деген жерде 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.

Ақынның «Оян қазақ» кітабы елін еркіндікке, ғылым – білімге шақырады. Жастардыелін сүюге үндеуі. Ол жалған жаламен ұсталып, айдауда жүріп қайтыс болды.

2.Мәтінді мәнерлеп оқу

Мейрамдар әр түрлі болады

1.Діни мейрам

2.Ұлттық мейрам

3.Мемлекеттік мейрам

Қыс бойы жатқан табиғаттың, жанды – жансыздың тірілуі болса көңіліне шаттық беретін анық. Тіршілік жағына қыстың өтуіне, жаздың жетуіне халық қуанады.

Дүниетану сабағынан өтіңдер адамға тіршілік үшін алдымен не керек екен?

Тамақ, ауа, су, жылылық, жарық қажет. Дүние жаратылғаннан бері жанды-жансыздың бәрінің талас – тартысы тамақ үшін. Күн көру үшін алдындағы айдап өсіріп жүрген малының амандығы. Болмашы боранға, жауын-шашынға, керек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың зор мағына беріп отыруы (құт, ауыр болса жұт болатындығын байқаған).

Малсыз қазақтың күні жоқ. Сол малын аман сақтау үшін аязға тоңып, күнге күйіп, қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын. Жаздың басы жаңа күн – Наурызды қалайша мейрам етпесін.

1.Мәнерлеп оқу минутын өткізу

2.Тізбектей оқу

3.Дәптермен жұмыс

Байлаулы – байланысты

Деуге сыяды – деуге болады.

Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің негізгі

Шаруа кенеледі – мал тойынады

VІ. Түсініктерін тексеру

Асық ойнау

1)Қандай мейрам түрлерін білесің?

2)Наурыз тойын кімдер тойлайды

3)Қазақ пен қырғызда неге ерекше тойлатады?

4)Қыс жеңіл болса – құт, ауыр болса – жұт дегенді қалай түсіндіре аласың?

5)Қазақтың негізгі күні көріс еңбегі қандай болған?

6)Қазақ елі қандай күйге ұшырап еді?

7)Наурызды жақсы қарсы алу үшін не істеу керек екен?

8)Әңгіменің ертеректе жазылғанын неден байқадың?

VІІ. Бекіту

Тест сұрақтары

1.«Көктем сәні» шығармасы

А) Ертегі ме?

Ә) Аңыз ба?

Б) Әңгіме ме?

2. Қазақтың жаңа жылын ата

А) 31 - желтоқсан

Ә) 8 - наурыз

Б) 22 – наурыз

3. Самалық қай мейрамда айтылады

А) Құстар күні

Ә) Наурыз мерекесі

Б) 1 – мамыр мерекесі

4. Көктем айларын ата

А) қыркүйек, қазан, қараша

Ә) желтоқсан, қаңтар, ақпан

Б) наурыз, сәуір, мамыр

5. Қазақтың ұлттық ойындарын атап жаз.

VІІІ. Үйге тапсырма:

Қош келдің, Наурыз түсініп оқып келу.

Оқушылар білімін бағалау.

Жумашова Ардақ

Иманжанқызы

Туған жылы: 02.04.1972

Білімі: Жоғары ЖМУ

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі

Еңбек өтілі: 18 жыл

Санаты: ІІ

Автор:
А.И.ЖУМАШОВА, Панфилов ауданы Жаркент қаласы №6орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі