Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Тәуелсіздік - ел тірегі»


23 декабря 2011, 07:52 | 3 170 просмотров



Мақсаты: Балалардың туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ой-өрісін, санасын ояту, кіндік кескен

жерін,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тәуелсіздікке газет,суреттер, Қ.Р.Рәміздері, шарлар.

Тәрбиеші: Тәуелсіз күн-мемлекетіміз үшін, халқымыз үшін зор маңызды мейрам. 1986-жылы Алматыда Қазақстан өз еркіндігін алсын деп талай жастарымыз алаңға шығып,өз елі үшін жандарын қиды. Міне тәуел-сіздігімізге 20-жыл да болды.

«Лаула желтоқсанның алауы». Үнтаспаны тыңдау.

Желтоқсан құрбандары: Қайрат Рыс-құлбеков,Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев, Ләззат Асанова сияқты құрбандарымызды, орнымыздан тұрып еске алайық.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Тәрбиеші: Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем,байлығы мен ынтымақты

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

-Бұл қай ел балалар?

-Қазақстан - біздің ел.

-Сендердің туған жерлерің қай жер екен?

-Туған жеріміз,Отанымыз - Қазақстан.

-Қазақстанның президенті кім балалар?

-Нұрсұлтан Назарбаев

Тәрбиеші: -Мемлекеттік рәміздеріміз нешеу?

-Үшеу

-Қандай?

-Гимн,Ту, Елтанба

Маған рәміздер туралы кім тақпақ айтып береді?

Ақжол: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала –дағы ең кіші.

Рәміздерім-Гимн,Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

-Тудың пішіні қандай?

-Тік төртбұрыш

-Тудың түсі қандай?

-көгілдір түсті ашық аспанның,тыныштықтың белгісін білдіреді.

-Тудың ортасында не бар?

- Алтын күн баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр.

-Күннің астында не бар?

-Қыран құс – ерліктің белгісі.

-Ою-өрнек адамды залым күштерден сақтап қорғайды.

Тәрбиеші: Туға байланысты тақпақ кім айтып береді?

Ә,Елдана: Қазақстан –туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Көк туымды желбіретем.

Елтаңбаның пішіні қандай?

-Дөңгелек

- Ортасында не бар?

-Шаңырақ

-Шаңырақты айнала күн сәулесіндей не тарап тұр?

-Уықтар шаншылған.

- Екі жағында не орналасқан?

-Қанатты тұлпар

- Бұл қазақтың аңыз ертегісінен алынған екі жағында орналасуы елді қорғауды білдіреді.

- Ал басқа не көріп тұрсыңдар?

-Бидай сабақтары

- Өте дұрыс бидай сабақтары тоқшылықты,молшылықты білдіреді.

-Елтаңбаның тағы да бір бөлігі бар,ол не?

-Бес жұлдыз.

Жұлдыз күн мен ай сияқты қазақтарда киелі деп есептеледі.

- Елтаңбаның төменгі жағында қандай жазу бар?

- «Қазақстан»деген жазу бар.

Тәрбиеші: Ал,Елтаңбаға байланысты кім тақпақпағын айтады?

А.Елдана: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл Елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Тәрбиеші: Біздің туған жеріміз,отанымыз қай жер екен?

-Қазақстан

Досжан: Отанды біз атамекен,

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Тәрбиеші : балалар біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақ тілінде

Біздің топтың балалары қай тілде сөйлейді?

-Қазақ тілінде

Олай болса басқа ұлттың балалары қазақша тақпақ айтып берсін?

Женя: Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана,

Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

Мақал-мәтел.Самат: Туған жердей жер болмас,

Туған елдей жер болмас.

Дима: Халықтың ортақ, үйі Отан.

Темур: Жері байдың-елі бай.

Тәрбиеші: Біздің бас қаламыз қай қала ?

-Астана

Мынау не балалар?

-Ақ орда

Қаламыздың басты символы не екен?

-Бәйтерек

Жоғарғы жағында не бар?

-Шыныдан жасалған алтын шар бар

Астана-тыныш және қонақжай қала.Жыл сайын

Астанаға көп қонақтар келеді.

Астанаға барғандарың бар ма

- Не көрдіңдер?

Тәрбиеші: Маған енді Астана туралы кім тақпақ айтып береді?

Бекжан: Шырқап көкке аспан-ән,

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қалам- Астанам!

Автор:
Нұржамал ӘЛІМБЕКОВА, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Балпық би кенті Коксу ауданы