Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ


23 декабря 2011, 07:51 | 5 285 просмотров



Сабақтың мақсаты:

•Ауған соғысы, Ауған соғысына қатысқан Қазақстандық азаматтар және т.б. жөнінде мәлімет беру.

•Сұрақтарға жүйелі, дәлелді, нақты жауап беруге; бір-бірімен сұхбаттаса білуге; мақал-мәтелдердегі философиялық ойды ұғындыра алуға дағдыландыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

•Әскери-патриоттық тәрбие беру, ептілікке, шапшаңдыққа, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне тәрбиелеу.

Түрі: өнеге сабағы

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндірмелі, сұхбаттасу, проблемалық, баяндау

Көрнекіліктері: интерактивтік тақта, үлес-

тірмелі материалдар, суреттер

Пәнаралық байланыс: тарих, география, АӘД, әдебиет

Орны: акт залы

Барысы.

•Ұйымдастыру кезеңі.

•Кіріспе сөз.

•Ауған соғысының ардагерлерін қарсы алу, таныстыру.

•Оқушыларға Ауған соғысы жөнінде мәлімет беріледі (слайдтар).

1978 жылдың сәуір айында Ауғанстанда төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғыс-

қа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың Қазақстан азаматтары қатысты. Олардың 761 адамы қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Жетісу жерінен бұл соғысқа 1700 жауынгер аттанды, олардың 59-ы туған жеріне оралмады. Бүгін бұл соғысты басқыншылық, әділетсіз соғыс деп бағалады.

Ауған соғысының ардагерлеріне сөз кезегі беріледі. Сонымен қатар Ауған соғысында қаза тапқан ауылымыздың мақтанышы Асқар Жамбылбаевқа мектебімізде орнатылған ескерткіш тақта жайлы (ескерткіш тақтаның ашылу шарасына еліміздің әр жерінен ауған соғыс ардагерлері қатысқаны жөнінде де) сөз қозғалады. Осы іс-шарада түсірілген суреттер слайд арқылы көрсетіледі.

•Ардагерлерге оқушылардың сұрағы (сұхбаттасу).

•Ой жалғау. а) Шарты: Берілген нақыл сөздерді толықтырыңыздар.

1.Ерлік елге мұра … … .

2.Отан үшін отқа … … .

3.Отан … … .

4.Ер есімі … … .

5.Батыр туса … … .

ә) Оқушылар ұсынылған нақыл сөздерді толықтырып, мағынасын түсіндіреді.

•Бекіту. Тәрбие сағатында берілген мәліметтер бойынша пысықтау сұрақтары сызба (слайд) арқылы ұсынылады.

1.Ауған соғысы қай жылы басталды?

2.Ауған соғысы қай жылы аяқталды?

3.Соғысқа Қазақстаннан қанша жауынгер қатысты?

4.Қанша жауынгер туған жеріне оралмады?

5.Жетісу жерінен қанша жауынгер қатысты?

•Өлең – сөздің патшасы …

Оқушылардың соғыс ардагерлеріне арнаған өлең-жырлары.

•Қорытынды.

Автор:
Серік ҚАСЕНОВ, Елтай орта мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Қаратал ауданы