Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАБЫҚ ТҰҚЫМДЫ ӨСІМДІКТЕР БӨЛІМІН ПЫСЫҚТАУ


23 декабря 2011, 07:49 | 8 238 просмотров



Мақсаты: а/жабық тұқымды өсімдіктер бөлімінен алған білімдерін жинақтап, пысықтау;

ә/берілген тапсырмаларды тиянақты орындау, білімдерін, еберліктерін шыңдау, тапқырлықтарын таныту;

б/ балалардың бірін бірі тыңдап, ауызбірлігін, ұйымшылдығын, өзара көмектесе білулеріне тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайд, сөзжұмбақ, интереактивті тақта

Сабақ түрі: Жорық сабағы

Қолданған әдіс: сұрақ-жауап, ойын ойнату

Жорық барысы; 1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Суық қора шоқысына» жорыққа шығатындығымызды хабарлап, қауіпсіздікті сақтау керектігі ескерітіледі. Мақсаты, жоспары таныстырылады.

Жорық жоспары:

1. «Өткелден өту» бекеті

2. «Қарлы бұрқасын» бекеті

3.»Мұздық» бекеті

4.»Тасты жартас» бекеті

І. Бекет. «Өткелден өту»

Сұрақтарға жауап алу.

1. Жоғарғы сатыдағы тұқымды өсімдіктер түрлерін ата:

Ашық тұқымдылар және жабық тұқымдылар

2. Жабық тұқымды өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері:

Тұқымы жеміс ішінде жетіледі, көбею мүшенсі – гүл

3.Тек гүлді өсімдіктерге тән ұрықтанудың түрі:

Қосарлы ұрықтану

4. Гүлді өсімдіктер қандай кластарға бөлінеді?

Даражарнақтылар класы, қосжарнақтылар класы

Бірінші бекеттеп аман –есен өттік

ІІ. «Қарлы бұрқасын» бекеті

ІІІ. «Мұздық» бекеті

Тест сұрақтарына жауап жазу:

1.Сарымсақ қай туыстың, қай кластың өкілі

а/ қосжарнақтылар класы, алабота тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, пияз туысының;

б/ барлық туыс пен тұқымдастың өкілі.

2.Тары қай туыстың, қай кластың өкілі?

а/даражарнақтылар класы, астық тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, көкнәр тұқымдасының;

б/ даражарнақтылар класы, ерінгүлділер тұқымдасының.

3.Сүйелшөп, жіңішке айдаршөп қай туыстың, қай кластың өкілі?

а/даражарнақтылар класы, көкнәр тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, асқабақ тұқымдасының;

б/ қосжарнақтылар класы, көкнәр тұқымдасының

4. Шпинат,алабота, сексеуіл қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/даражарнақтылар класы, алабота тұқымдастың;

ә/ қосжарнақтылар класы, алабота тұқымдастың;

б/ қосжарнақтылар класы, көкнәр тұқымдастың.

5. Қияр, қауын, асқабақ,чайот өсімдіктері қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/қосжарнақтылар класы, асқабақ тұқымдастың;

ә/ қосжарнақтылар класы, алабота тұқымдастың;

б/ даражарнақтылар класы, асқабақ тұқымдастың.

6.Шомыр, шалғам, рапс, тарна қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/қосжарнақтылар класы, асқабақ тұқымдастың;

ә/ қосжарнақтылар класы, орамжапырақ тұқымдастың;

б/ даражарнақтылар класы, раушангүлділер тұқымдастың.

7.Итмұрын, долана, алма, шетен қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/даражарнақтылар класы, асқабақ тұқымдастың;

ә/ қосжарнақтылар класы, орамжапырақ тұқымдастың;

б/қосжарнақтылар класы, раушангүлділер тұқымдастың.

8.Мақта, бұйдакендір, жалбызтікен, өсімдіктері қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/қосжарнақтылар класы, құлқайыр гүлділер тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, орамжапырақтар тұқымдасының;

б/қосжарнақтылар класы, раушангүлділер тұқымдасының.

9. Меңдуана, баклажан, картоп, шырайгүл қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/қосжарнақтылар класы, құлқайыргүлділер тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, алқа тұқымдасының;

б/даражарнақтылар класы, алқа тұқымдасының.

10.Кермек жалбыз, сәлбен, жұпаргүл қай класс, қай тұқымдас өкілі?

а/қосжарнақтылар класы, ерінгүлділер тұқымдасының;

ә/ қосжарнақтылар класы, орамжапырақтар тұқымдасының;

б/қосжарнақтылар класы, раушангүлділер тұқымдасының.

IY. «Тасты жартас» бекеті

«Табиғатты аяла» сөзжұмбағын шешу. Жұмбақтарды шешу.

1.Сәресіні атқарған, орылып алып алқаптан; /тары/

2.Өзі шырын, үйіреді адамның тілін; /қауын/

3.Дәні алтын, асырайды халқын; /бидай/

4.Қызыл қалпақ киеді, піскеше басын жерге иеді. /шие/

5.Төтеп берер дауылға, өсіріңдер ауылға.

/қарағай/

6.Қабат-қабат тоны бар, арасынан жемістердің танып ал. /орамжапырақ/

7.Тау-тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? /мақта/

8.Қып-қызыл боп дөңгелеп, бақшаларға өң берер /Томат/

9. Таңертең де, түсте де, күнге бетін бұрады,

Тостағанын кішкене, тосады да тұрады.

/күнбағыс/

10. Сырты қатты ұстасаң, шырынын ала алмассың қыспасаң. /анар/

11.Тұздықпен жүреді, жауабын кім береді?

/пияз/

12.Өсіп тұрған талда, қып-қызыл ол ... /алма/

13.Еті қызыл дөңгелек, күзде жейміз күнде кеп. /қарбыз/

5. Сабақты қорытындылау бөлімі

6.Балалардың білімдерін бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.

Біліміңді сына тапсырмасын орындау, тест, сөзжұмбақ құрау.

Автор:
Күлғайша РАХМЕТЖАНОВА, Ж.Жапаров атындағы орта мектеп-шағын орталығы биология пәнінің мұғалімі. Кербұлақ ауданы