Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҚСЫЛЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ


23 декабря 2011, 07:44 | 4 961 просмотр


Сабақтың мақсаты: 1)Ертегінің мазмұнын түсіндіру

2) Оқушының сөйлеу мәнерлеп оқу, өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды жасауға, ізденуге, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

3) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, сөздік.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, қаттама

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру

II.Үй тапсырмасын тексеру

а) «Ұр, тоқпақ» ертегісінің мазмұнын сұрау (сахналау)

а) Қаздың тұзаққа түсуі

ә) Шалдың қазды іздеп шығуы

б) Қаз байдың үш жақсы заты

в) Шалдың алдануы

г) «Ұр, тоқпақтың» көмегі

Үй тасырмасын бекіту

а) Шалдың аңқаулығын қандай әрекеттерінен байқауға болады?

- Балалардың қылықтарына баға бер

- Әдепті бала жайында не айта аласың?

- Әдепсіз баланы қандай әрекетінен байқай аласың?

ә) Ұрлық, әдептілік тақырыбындағы жазып келген мақал – мәтелдерін оқыту, талдау.

III. Жаңа сабақ

-Біз қандай бөліммен танысып жатырмыз?

-«Асыл сөз» бөлімімен танысудамыз

-«Асыл сөзді» бөлімінде қандай шығармалармен таныстық?

-Халық ауыз әдебиетімен

Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?

IV Жаңа сабақты бекіту

Ертегідегі оқиға қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

-Қазіргі кездегі дүние - мүлік, байлық қалай табылады? (оқушы пікірін тыңдау)

-Ендеше білім, еңбек жайлы жазып келген шығармаларды тыңдайық

-Оқушылардың үйден дайындаған «Жақсы мен жаман» тақырыбындағы мақал – мәтелдерін оқыту, талдау.

V. Ж аңа сабақты қорытындылау

-Бұрынғы өткен заманда кімдер болыпты?

-Жамандық жақсылықты қалай алдап кетті?

-Шаршаған жақсылыққа не кез болды?

-Жақсылық не істеді?

-Күркеге нелер келді?

-Олар не жайында әңгімелесті?

-Бай қызын жақсылыққа неліктен берді?

-Жақсылық бір құмыра алтынға және бір үйір жылқыға ие болды?

-Күндердің күнінде жақсылық қандай күйге душар болды?

-Оған жақсылық қандай кеңес берді?

VI Сабақты бағалау

VIІ Үйге тапсырма: Білім еңбек жайлы мақал - мәтелдерді жазып келу. Ертегіні түсініп оқу.

Автор:
А.Д.ЧОҢҚАБАЕВА, Нағарашы орта мектебі