Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ПОЗДРАВЛЕНИЕ


23 декабря 2011, 07:25 | 1 781 просмотр



Маңызды шешімдер мен тәуекелшіл әрекеттерге куә бол-ған өзіндік ерекшелігімен, өзіндік қасиетімен, өз үлесімен тағы бір жыл кетіп барады. Алла қаласа, санаулы күндерден кейін жаңа 2012 жылға қадам басқалы тұрмыз. Үміт пен сенімге толы осы сәтте өткен жылды қортындылаймыз. Алдымыздағы жаңа мақсат-міндеттерді белгілейміз.

Өткенімізді ұлықтап, келешегіміз үшін келелі істерге жол бастап, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақ санасына сіңіріп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп отырған ұстаздар қауымын жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

«Бірлігі жақсының – тірлігі жақсы болады» демекші, еліміздің тірегі болатын білікті де білімді жастарды қалыптастыру бағытында аянбай еңбек ететін «отбасы-мектеп-қоғам» үшін ынтымағы мен бірлігі жарасқан жыл болсын.

Жаңа жыл- үкілі үміттердің ақталып , кез-келген қиындықты жеңе білген жемісті жыл болсын!

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымының құрметі арта берсін!

Кең байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін. Сәтті жыл болып, әр шаңырақта береке–бірлік, шаттық пен қуаныш орнасын.

Жаңа жыл құтты болсын!

Автор:
Дания Сәлімбайқызы Қыдырбаева «Алматы облысының ата-аналар комитеті» және «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестіктерінің төрайымы