Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Автоматты жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау.


20 января 2012, 11:16 | 9 555 просмотров



Білімділік мақсаты: Отанды, елді қорғаудың алатын орны мен Калашников автоматын жартылай бөлшектеп шашып жинаудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту. Дамыту мақсаты: оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгеру, білдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғау –басты патриоттық міндет екенін түсіндіру.

Сабақтың типі; Аралас сабақ.

Көрнекті құралдар: Оқулық, плакат, АКМ макеті, компютермен жұмыс.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

10 сынып 2 взвод. Взводты екі қатар сап-

қа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, сыртқы көрінісін тексеру, түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

1.ТОЗ-8 мылтығын не үшін пайдаланады.

2. Мылтықтың қандай түрін білесің, атап бер.

3. Қазақстан Қарулы Күштерінде қандай автоматтың түрлерін пайдаланады.

4. 1947 жылға дейін Кеңес жауынгерлері қандай қару пайдаланып келді.

3. Өткенді қорыту

Өткен сабақта мылтық пен оқ дәріден сақтану жолдары туралы әңгіме өткіздік. Тирлердегі ауаның қысымымен атылатын кіші мылтықтардан басқа,ауылдарда кездесетін 32, 28, 20, 16, ТОЗ-8, ТОЗ-12 т.б. түрлері бар. Мылтықты рұқсатсыз ұстауға болмайды. 10-11 сыныптардағы оқушылар үшін арнайы әскери даярлық сабағында Қазақстан Қарулы Күштерінде және ішкі әскерлеріміздің қолданып жүрген АКМ,АКМС,АКСУ-74,РПГ қол пулеметі сияқты автомат.қол пулемет түрлерін оқып білесіңдер.

4. Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау

Кіріспе әңгіме: 1940 жылдары Кеңес жауынгерлерінің негізгі мылтығы карабин ППИ,СВД болды.Автоматпен қаруланған неміс әскерлерінің бір бөлімшесінің өзі Кеңес жауынгерлерін көп шығынға ұшыратты,оның себебі карабинді көздеп атқаннан кейін,қайта оқ салып атқанша көп уақыттарын жоғалтты.Кеңес жауынгерлерінің карабиндерінің нашар екеніне көзі жеткен орыс өнер тапқышы М.Т.Калашников 1942 жылы автоматты жасап шығарды.Осы автомат өнертапқыштың атымен Калашников деп аталды. 1943жылдан бері Кеңес Армиясында қолданылып келеді және Кеңес Армиясының негізгі қаруы болды. Автоматтың өзінің жасалған бөлшектерінің өте жоғары сапалы екенін бұрынғы Кеңес Одағымен бірге дүниежүзі мойындады. Автоматқа ұқсастырып жасаған РПК қол пулеметін пайдаланады, өте жоғары сапалы қол пулеметінің автоматтан көп айырмашылығы жоқ. Автоматтың тағы бір ерекшелігі стволына сүңгі-пышақ киіледі, ол қоян-қолтық ұрыста табылмайтын құрал. Сүңгі-пышақ мылтықтың пышағымен кесуге, аралауға қайшы сияқты кішігірім сымдарды кесуге болады. Сүңгі- пышақты жай қанжар ретінде ротада, взводта кезекші болғанда белдеріне тағып жүріп пайдалануға болады. Автомат Калашниковқа негіздеп 1947 жылы стволын қысқа етіп автоматтың басқа бір жетілдірілген түрін жасады. 1947 жылғы қайта жасалған автомат Қазақстан Қарулы Күштерінде және ішкі әскерлерде кеңінен қолданылады.Автоматтың тағы бір ерекшелігі реттеушісінде АВ және ОВ арқылы оқты бір мезетте автоматты түрде немесе бір- бірден атуға болады.

Автомат мынадай бөлшектерден тұрады:

1-ұңғы қорабымен,көздеу құрылғысымен және дүмбімен қоса ұңғы;

2-ұңғы қорабының қақпағы;

3-сүңгі - пышақ;

4-қайтарма механизм;

5-газ поршенімен бекітпе жақтауы;

6-ұңғы бастырмасы газ түтігі;

7-бекітпе;

8-сүмбі;

9-құндақ:

10-керек-жарағымен пенал:

11-оқжатар;

Автоматты бөлшектеп қайта жинау үшін арнайы стол немесе таза төселген материал үстіне жасалады.Бөлшектеген кезде автоматтың заттары рет - ретімен қойылады. Автоматты қайтадан жинаған кезде автоматтың заттарын ауыстыруға, күшпен салуға, ұруға болмайды.

Автоматты бөлшектеудің екі түрі бар:

1.Толық бөлшектеу;

2.Жартылай бөлшектеу.

Толық бөлшектеу - автоматты көп уақыт жаңбырдың, қардың, құмды жерде немесе ұзақ сапарда болғандықтан және толық майлау, жөндеу кездерінде арнайы мамандар жасайды.

Жартылай бөлшектеуді курсанттарға әскер қатарындағы солдаттарға, рота старшиналары, бөлімше командирлері үйретеді. Автоматты тазалап, майлап тұруға өзіне бекітіліп берілген автоматтың стволындағы нөмерін білуге тиісті. Автоматты АКМ деп қысқартып айтуға болады, уақытпен тездетіп бөлшектеп қайтадан жинау үшін орындайтын арнайы нормативті мына төмендегідей;

Бөлшектеу үшін:

Жинауүшін:

18сек=5 30сек=5 20сек=4 35сек=4 25сек=3 40сек=3

Оқушыларға компютер арқылы бөлшектеу мен жинақтауды көрсету

Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:

1.Оқжатарды алу;

2.Керек- жарағымен қоса пеналды шығарып алу;

3.Сүмбіні алу;

4.Ұңғы қорабының қақпағын босатып алу;

5.Қайтарма механизмді бөліп алу;

6.Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу;

7.Бекітпені бекітпе жақтауынан алу;

8.Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.

Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру тәртібі: 1.Бекітпені бекітпе жақтауына қосу;

2.Бекітпесін қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосады;

3.Қайтарма механизмді қосу;

4.Ұңғы қорабының қақпағын жабу;

5.Автоматта ұңғылық тежеуіш- компенсаторды қосу;

6.Сүмбіні қосу;

7.Оқжатарды автоматқа қосу;

4.Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру. Компютер көмегімен бөлшектеу мен жинақтауды қайталау.

5. Бағалау.

6.Үйге тапсырма.

Автор:
Талғат ҚАЛИБАЕВ, Кеңжыра орта мектебі АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Кеңжыра ауылы Ақсу ауданы