Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТІЛШІ БАҒАНАСЫ


20 января 2012, 11:28 | 2 780 просмотров



2012 ЖЫЛ: қаралар үшін ақыр заман, ал ақ нәсілділер үшін қара түнектің ақыры

Алматыда «2012 жыл – ақыр заман ба әлде басы ма? деген тақырыпта басқосу өтті. Жағымсыз болжам турасында шығыстанушы ғалымдар индиялық Сахадев прабху мен философ Александр Хакимов өз ойларымен бөлісті.

САНА МЕН ЖҮРЕКТІ ТАЗАРТУ КЕРЕК

Сахадев прабху – философия ғылымдарының докторы, музыкант, монах. «Конец современной цивилизации и альтернативное будущее» кітабының авторы.

Оның ойынша заман ақыр қыр астында көрінеді. Бірақ, адамдар болса неше түрлі орындалмаған болжамдарды естіп-біліп жүргендіктен бұған көп мән бере бермейді. Деседе, заман ақырдан құтылып кетудің де жолы бар екенін ғалым жоққа шығармайды.

- Мен соңғы 5000 жылдағы 200-ден астам цивилизацияның даму және құлдырау жолын зерттедім,-дейді Сахадев прабху. – Бұлардың барлығы да ұлттың материалдық және моральдық банкротқа ұшырау салдарынан құлдырауға ұшыраған екен. Бүгін біз цивилизацияның аса маңызды даму кезеңінде тұрмыз. Біздің келешегіміз қандай бағытты немесе қандай жолды таңдауымызға байланысты, - деп ой түйіндейді филосов.

Баршаға белгілі соңғы 200 жылда техникалық прогресс қарыштап өркендеді, халықтың әл-ауқаты да жақсарды. Бірақ, бұл жасанды өркендеу. Себебі, біз Жердің табиғи күші арқылы ғана өркендеп келе жатырмыз. Мысалға мұнайды алып қаралық. Табиғатқа баға жетпес байлығы үшін миллиондаған жылдар бойы қарыздармыз. Оған аяушылық танытып жатқанымыз да шамалы. Жасыратыны жоқ, біз табиғат заңын бұзып келе жатырмыз. Оны болдырмаудың жолы қайсы? Оның шешімі, одан шыға аламыз ба? Міне осы сауал көбімізді мазалайды.

- Сана экологиясын тазарту үшін ойлау қабілетін өзгертіп, жүрегімізді тазартуымыз керек,-дейді Сахадев прабху. – Себебі әлемнің кірі – біздің жүрегіміз кірінің көрінісі. Құндылық жүйесі мен прогресс түсінігін қайта қарау қажет. Бізге қажеттігі сапалы ғимараттар мен қымбат көліктер емес, сапалы, жаңаша ойлай білетін адамдар керек. Табиғатқа қамқорлықпен қарап, оның құндылығын бағалай білсек, біз әлемді сақтап қала аламыз. Таңқалмаңыздар, болашақ біздің ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргендігінде. Әлбетте, жылдар өтер. Санамызды бүгін өзгерту қажет. Көбіміз апатты басқа планеталардан күтеміз. Бұл қате пікір,-деген тұжырым жасайды ғалым.

ЖАҢА ЦИВИЛИЗАЦИЯДА МАТЕРИЯ МЕН ТӘН БАЙЛАНЫСТА БОЛАДЫ

Александр Хакимов: суретші, шығыстанушы-филосов, психолог, 20 жылдан астам уақыттан бері көріпкелділікпен айналысады.

Оның айтуынша, 2012 жыл - қаралар үшін заман ақыр, ал ақ нәсілділер үшін қара түнектің ақыры. Ведам (көне қасиетті кітаптар) 2012 жылы адамзаттың қара және ақ күштерінің тартысы басталады.

Рухани тұрғыдан өрлеу ғылыммен дәлелденеді. Материализмнің позициясы аса күшті болады. Сол себепті де кризис қарқын алады да уақыт өте келе ол гармонияға әкеледі. Бұл айтылғандар исламда, христиан да, басқа да діндерде жазылған. Бірақ толық емес. Көне кітаптарда ағымдағы ғасыр Кали-юга ғасыры. Бұл кезеңде адамдар табиғатты тепе-теңдіктен айырады – мыс.

-Гольстрим өзінің ағысын азайтты, жаһандық жылу қарқын алып келеді, Фукусима атом стансасында жарылыс болды, генетикалық тағамдар пайдалана бастадық, ірі қалалар түтінге оранды,-дейді Александр Хакимов. – Бір сөзбен айтқанда, жағдай біртіндеп бақылаудан шыға бастайды. Ведада «Жер бетіндегі тіршілік уақыт өте келе қолайсызданады. Сол себепті адамдар жерасты қалаларын салады деп жазылған. Болжам бойынша планетамызда бірнеше сағат бойына ұласқан жерсілкінісі болады.

Басты сұрақ – тірі қалу. Ол үшін адамдардың сабырлылығы қажет-ақ. Бұл катаклизма кезінде емес, бүгін керек дүние,- деген болжам айтады философ.

Десек те, қоғам қиын болса да жақсы жағына қарай дамып келеді. Яғни, бұл процеске рухани күш араласып отыр. Сол себепті де барлық негативті жағдай әлсіздік танытады. Барлығы біздің қолымызда. Соны ұмытпайық.

Автор:
Ырыс КЕНЖЕ, irrys@mail.ru