27 января 2012, 09:53 | 5 587 просмотров
Мақсаты: 1. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру
2. Сөздік қорларын толықтыру, мазмұнын қысқаша баяндау, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын жетілдіру;
3. Оқыған мәтіні бойынша ой тұжырымдай білуіне көңіл бөлу, шығармашылық жұмысқа баулу, сөйлеу мәдениетіне жетелей отырып, баяндау, ізденушілік көрнекілік талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: суреттер, плакаттар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты
Ақ ниетпен шын тілеп
Қайырлы таң деймін мен.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.«Атасы мен немересі» қысқаша әңгімелету
2.Үлестірмелі карточкамен жұмыс
№1. Осы әңгіме арқылы жазушы не айтпақшы?
«Ата ақылы» өлеңін пайдаланып жауап бер.
№2. Мәтіннен көңіліңе не түйдің?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Жақсы деген немене, жаман деген немене?
ІV. Жаңа сабақ
І. Сөзжұмбақ шешу.
ІІ. – Спандияр Көбеев кім?
-Қай жерде туған?
-Қандай кітабы бар?
ІІІ. Ендеше бүгінгі сабақта С.Көбеевтің тағы бір әңгімесімен танысамыз.
ІV. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. Өздеріне оқыту.
V. Мәтінді талдау:
1. Мәтіннен шал мен балалардың сөздерін оқы.
2. Балалар неліктен ұялды?
3. Балалардың істеген ісі дұрыс па?
4. Бұлар қандай балалар деп ойлайсыңдар?
5. Балалар қандай әдепсіздік жасады?
- Үлкен адамды мазақтады. Келемеждеді.
VІ. Сергіту сәті:
Мына сандарды өсу ретімен орналастыр. Санның үстіндегі жазуды оқы.
Әркімді бір келемеждеп, мұқатпа.
Бұл әдепсіздікке жатады. Үлкен адамды мазақтауға, келемеждеуге болмайды. Адамдардың бірін-бірі сыйлауы, құрметтеуі жақсы қарым – қатынасқа жатады.
-Әдептілік жайында қай пәннен оқып білдіңдер?. Дүниетану.
VІІ. Оқулықпен жұмыс:
1.Жағдайатты оқып беру.
– Кімнің пікірі дұрыс?
-Әкесінікі ме?
-Асқардікі ме?
-Сен ата-анаңа не дейсің?
VІІІ. Сабақты қорыту, бекіту.
- Балалар, мен сендерге жақсы сөздері бар өлеңдерді жаттап келуге бергенмін.
1. Көшелерден біз өткен
Ата көрсем жақын деп
Сәлем берем ізетпен
Ассалаумағалейкум! - деп
2. Күндіз де елді елеймін
Қайырлы түн тілеймін
Не дерімді білемін
«Кеш жарық!» - деп кіремін
3. Мектебіме барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен
«Қайырлы таң!» – деймін мен
-Мына суреттен не көріп тұрмыз? (күннің суретін көрсету)
-Бұл күннің несі жоқ деп ойлайсыңдар?
-Олай болса күннің шуағын жылы сөздермен шашыратайық.
ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма беру. Мәтінді әңгімелеу. Сыпайы сөздері бар сөйлем құраңдар.