Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Еңбекқорлық – дағдыдан


27 января 2012, 09:59 | 2 675 просмотров


Мектеп жасына дейін баланы еңбекке тәрбиелеу үшін олардың ойынына дұрыс басшылық жасау қажет. Ойын үстінде ойыншықты бүлдірмей, ұқыптылықпен ұстауға, ал ойнап болған соң жинауға үйренудің өзі еңбекке бейімделудің алғашқы көріністері. Баланың еңбекке қатысуы жүйелі болуы керек. Себебі ол бір күні істегенін, екінші күні жалғастырмайтын болса, оның еңбекке деген дағдысы, әдеті қалыптаспайды.

Әрқашан баланы еңбегін дұрыс

ұйымдастыруға күш салу керек.

Сонымен бірге баланың жасаған жұмыстарын қадағалап, еңбектің әрбір тәсілін біртіндеп үйретіп, орындалған жұмыс-

қа көңіл бөліп, оған баға беріп отыру керек. Бірақ баланың дұрыс орындай алмағаны үшін, не бір себеппен ұмытып кеткені үшін оны кемітіп, жекіп, ұрып-соғуға болмайды. Баланы еңбекке баулу жөнінде тұжырымды пікір айтқан және тәжірбе жүзінде оны дәлелдеген А.С. Макаренко: «Балаға мезгілінде көмектесіп, қателік жасай бастаған уақытында тоқтау салып және дәл, дұрыс бағыт сілтеп отыру керек. Сонымен бала өмірі ұдайы түзетіп отыруды тілейді, бірақ мұны үнемі қолынан жетелеп отыруға айналдырмау керек» - дейді.

Бұл өте орынды пікір. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке қатысуына кейбір отбасында мән бермейді, жасы келеді, ақылы толады, басына түскенде өзі-ақ істейді деп кішкене балаларды еңбекке үйретпейді. Ол дұрыс емес. Жас бала еңбек ете бастаса, еңбектің маңызын, құнын біле бастайды. Бес жастағы Анарға әке- шешесі есік алдындағы тазалықты сақтау міндетін жүктеді. Бұрын өз аяқ киімдерін әр жерге тастайтын Анар енді үй іші үлкендерінің аяқ киімдерінің тазалығын бақылап, еденді әр уақытта сүртіп таза ұстауға үйренді. Сонымен қатар «Аяқтарыңды сүртіңдер!» -деп кезекші міндетін атқарады. Әке-шешесі де бүгін өзінің кезекшілік міндетіңді өте жақсы орындадың деп құптап отырды. Бұлай ету оның жауапкершілігін арттырды. Бала өз жұмысынан ләззат алады. Олай болса баланы ертеден еңбекке баулыған дұрыс

Не берсең, соны аларсың,

Не ексең соны орасың.

деп қазақтың мақал-мәтелдері дұрыс айтылған.

Автор:
Бахтыхан САДЫХАНОВА тәрбиеші №3 «Балбөбек» балабақшасы Талдықорған қаласы