27 января 2012, 10:00 | 2 424 просмотра
Сабақтың мақсаты: 1. 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу,
кезкелген оннан кем санды 10-ға дейін толтыру 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, зеректілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар, сандар құрамы,
үлестірмелі карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылардың оқу құралдарын түгендеу
-оқушылардың назарын сабаққа аудару
Келші қане, достым,
Күлші қане, достым.
Бүгінгі алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
ІІ Өткен сабақты еске түсіру
1)Математикалық диктант
-Сандарды өсу ретімен жаз: 7, 9, 8, 4, 5.
-Сандарды кему ретімен жаз: 3, 6, 8, 2, 0, 9, 7, 4, 3, 5.
ІІІ Жаңа сабақ .Ойын: «Алма теру»
Әр алманың сыртындағы өрнектің мәнін табу
0+, 1+1, 2+1, 3+1, 4+1...9+1
-Біз 10 санын білеміз. Ендеше бүгін 10 санының құрамымен танысу
Тақтамен жұмыс
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз дем алып алайық.
Суреттер бойынша оқушыға теңдік құрғызу.
9+1=10 8+2=10 8+2=10
10-1=9 10-1=9 10-2=8
Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма. Кесіндіні өлшеп салыстыру
10см*9см 9см*10см
Өзіндік жұмыс
10-1*3+4 8+2*4+2
10-3*6+1 6+4*10-0
10-5*3+4 10-8*7-5
4-тапсырма
0*10 10см*8см 7*10 1см*1дм
10*10 1дм*10см 10*9 1см*10см
5-тапсырма «Сандарды» үйге енгіз
Қорытынды сабақты бекіту, бағалау, мақтау, мадақтау. Үйге №5 есеп