Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Табиғат тамашасы


27 января 2012, 10:46 | 7 335 просмотров



Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: өткен сабақтармен байланыс-

тыра отырып, алған білімдерін пысықтау. Қазақстан табиғаты туралы білетіндерін қосымша материалдар арқылы толықтырыру;

2.Дамытушылық: сабақта меңгерген білім-дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуге, тапсырмаларды өздігінен және қатесіз орындауға дағдыландыру;

3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, қоршаған орта туралы көбірек біліп, қомқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін,білім деңгейін, азаматтық қасиетін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, фото суреттер, көркем суреттер

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

а) оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалап,зейінін жинақтау.

ә) жаттықтыру сәті қазақ тілінде ойлауға,сөйлеуге даярлау мақсатында жүргізіледі.

2. Сабақтың мақсаты,барысымен таныстыру.

Шаттық шеңберін құру.

Сәлеметсіңдер ме, балалар. Менің атым Айнагүл Құдайбергеновна.

Ал сендердің есімдерің қалай ? Атап өтіңдер.

Әлем (3 рет) бәрімізде,

Әлем сенде,

Әлем менде

Жарық (3 рет) бәрімізде,

Жарық сенде,

Жарық менде

Махаббат (3 рет) бәрімізде,

Махаббат сенде,

Махаббат менде

- Осы айтқан сөздердің ең бастысы қай сөз?

- Махаббат.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы – махаббат. Туған жерге, еліне, отбасына деген махаббат туралы сөйлейміз, табиғатты сүю, аялау туралы еске салып кетеміз. Осы тақырыпқа сендер сабақтарда көп сөйлестіңдер деп ойлаймын.

Ал қазір, біз 4 топқа бөлінейік. Кім жылдың қай мезгілінде туса, сол мезгіл аталған жерге отырсын.

Сонымен бізде 4 топ құрылды: «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс».

Мына сұрақтарға жауап беріңдерші, балалар:

1.Сенің Отаның қалай аталады?

2.Туған жерің қалай аталады?

3.Сен Отаныңды жақсы көресің бе?

4.Біздің өңір неге Жетісу деп аталады ?

5.Осы жеті өзендерді ата. (Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, 6.Қаратал, Іле, Шу.)

7.Туған жеріңді картадан көрсет.

3. Топтар арасында байқау өткізіледі:

1.Мәтінді оқу, не туралы екенін айту.

2.Бір-бірлеріне сұрақ қою?

3.Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

4.Өз жыл мезгілінің мерекелері туралы айтып беру.

Көктем

8-наурыз, 22- наурыз, 1-мамыр, 7-мамыр, 9-мамыр

Жаз

1-маусым, 30-тамыз

Күз

1-қыркүйек, 22-қыркүйек, 5-қазан, 25- қазан

Қыс

16-желтоқсан ( ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл !), 1-қаңтар

4 .Рефлексия. Сабақты қорытындылау Бағалау.

Үйге тапсырма беру: 1 деңгей- «Жыл мезгілдері» тақырыбына әңгіме құру

2-деңгей- «Жыл мезгілдері» тақырыбына әңгіме құру

3-деңгей- сөздікті қайталау

Автор:
А.Қ.БАЙҒАРАШЕВА, Ушинский атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі