Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Математика және логика


27 января 2012, 10:50 | 4 785 просмотров



Мақсаты:

-оқушыларды ауызша есептермен, оның математикалық, логикалық, талдау жүйесімен таныстыру.

-оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық талдау жүйесін дамыту;

- халқымыздың дәстүрін сақтауға, заманның қағидаларымен шендестіруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сайысы

Сабақтың көрнекілігі: компьютерде жазылған слайд, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

Математика – ермек емес балалық

Математика – көрегендік, даналық

Космос кезген ракеталар дәл бүгін

Ешкімге де емес таңсық, жаңалық!

Енді математика жайында сайысымызды бастаймыз.

Ортаға «АЛҒЫРЛАР», «БІЛГІРЛЕР», «ТАПҚЫРЛАР» топтарын шақырамыз.

Сайысымызды бастамас бұрын қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар.

1.К. Ниязбекова – математика пәнінің мұғалімі

2.К. Бәкірова – математика пәнінің мұғалімі

3.Ж. Искакова – физика пәнінің мұғалімі

Бірінші кезең «Жорға»

«Алғырлар» тобының тапсырмалары:

1.Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым (аксиома)

2.Бұрынғы қазақтың өлшем бірліктері (ұзындық өлшемдері: елі, сүйем, қарыс, кез, табан, шақырым)

3.Қиылыспайтын түзулер (параллель)

4.6-сынып математика кітабының авторы (Алдамұратова)

5.Төртінші дәрежелі теңдеу (биквадрат)

6.Екі жүзді адамнан сақтан

7.Қатар тұрған екі натурал санның көбейтіндісі 380-ге тең (19 бен 20)

8.Түйеде неше өркеш бар (бір не екі)

9.Квадраттың қабырғасы 9см, ауданы неге тең (81)

10. 8х2 – дың туындысы неге тең? (16х)

«Білгірлер» тобының тапсырмалары:

1.Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

2.Тәуелсіз айнымалы (аргумент)

3.5-сынып математика кітабінің авторы (Алдамұратова)

4.3 санына байланысты қандай ырым-жоралғыны білесің? (үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, үш жұрт, үш мұрат)

5.Қиылысатын түзулер (перпендикуляр)

6.Қатар тұрған екі санның көбейтіндісі 110-ға тең (10,11)

7.Жеті рет өлшеп, бір рет кес

8.Қатар тұрған екі натурал санның көбейтіндісі 90-ға тең? (9 бен 10)

9.Түйеде бес өркеш бар, дұрыс па?

10.Квадраттың қабырғасы 6см, ауданы неге тең? (36 см2)

«Тапқырлар» тобының тапсырмалары:

1.14 қандай сан (жұп)

2.Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш

3.Ертедегі салмақ өлшемдері (1-әшмөшке-50 кг, пұт, бір уыс, бір қап)

4.Үш қабырғасы тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

5.Қатар тұрған екі санның көбейтіндісі 110-ға тең (10 мен 11)

6.Бір тал кессең, он тал ек

7.Квадраттың қабырғасы 5 см ауданы неге тең (25 см 2)

8.Адам ұшқанда екі қанатымен ұшады, ал торғай ше? (адамда қанат жоқ)

9.Бір тәулікте сағаттың минуттық және сағаттық стрелкалары неше рет беттеседі? (жауабы 23 рет)

10.Біздің мектеп 1995 жылы қалай аталды? (Ы. Алтынсарин)

Екінші кезең

Барлық сыныптарға қойылатын сұрақтар:

1.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (28 саны барлық айда бар)

2.Екі адам төрт сағат шахмат ойнайды. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды? (4 сағат)

3.Айдос өзінің туған күнін төрт жылда бір рет атап өтеді. Бұл қай күн? (29 ақпан)

4.Астрономия пәні нені оқытады? (жұлдыздарды)

5.Ертеде әдет бойынша нәрсенің ұзындығын өлшегенде шынтақ елі, бір елі, кере қарыс, сынық сүйем деген өлшемдерді пайдаланған

6.3 санына байланысты қандай ырым-жоралғыны білесің? (үш тәтті, үш арсыз, үш жүз, үш жұрт, үш мұрат)

7.7 санына байланысты не білесің? (жеті күн, жеті қазына, жеті мүшел, жеті ғашық, жеті жұрт т.б)

8.Координаталық түзуді кім енгізді?

А) И. Ньютон

В) Р. Декарт

С) С. Сыдықов

Екінші кезеңді қорытындылай келе, осы кезең бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта кетейік. Ұпайы төмен топпен қоштасамыз.

Үшінші кезең

Қанатты сөздерде сандардың қолданылуы (мақал-мәтелдер жарысы)

1.Жетіге келгенше, жерден жеті рет таяқ жерсің

2.Қырықта қылаң, елуде елес

3.Болар бала жеті жастан бас болар

4.Елу – ердің жасы, алпыс – бір сұмдықтың басы, жетпіс, сексен – оттың қасы, тоқсан – тұралатқан тор

5.Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш

6.Жұмбақ

Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой (17)

Төртінші кезең

Қазақтың байырғы қара есептері

1.Ауылда 28 үй бар. Оның 15-нің түйесі, 8-нің сиыры, 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйдің малы жоқ.

Жауабы:

1.15-6=9 үйдің тек түйесі бар

2.8-6=2 үйдің тек сиыры бар

3.9+2=11 үйдің

4.11+6=17 үйдің малы бар

5.28-17=11 үйдің малы жоқ

Қораға қамалған қой

99 қой 15 қораға қамалды. Неліктен ең болмағанда қораның біреуіне қойдың саны тақ болады?

Жауабы:

Егер әрбір қорада жұптан қой қамалса, онда олардың қосындысы жұп сан болады. Ал 99 жұп сан емес. Демек, ең болмағанда қораның біреуіне тақ санды қойсақ, тақ сан 99 шығады.

Ең соңында әр топқа 2 минуттық сұрақ

Математика пәнін ҰБТ-ға қосқаны дұрыс па?

Сабақты қорытындылап, жоғары ұпай жинаған топты марапаттау.

Автор:
Данихан АРТЫҚОВА Мамания мектебінің математика пәні мұғалімі Ақсу ауданы