Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстанның табиғат Кешендері


27 января 2012, 10:51 | 5 687 просмотров



Сабақтың мақсаты:1.«Қазақстанның табиғат кешендері» тарауын қайталауға арналған саяхат сабақ.

2.Тарау бойынша қайталау, жүйелеу, жинақтау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Туған жерін,елін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның картасы, буклет табиғат кешендерінің, таулар түсірілген видео таспа, сөз жұмбақ, кеспелер, таблица, кескін карта.

Сабақ барысы: Сабақ ойын түрінде саяхатқа шығып, Қазақстанның табиғат кешендерін көріп білуге арналады.

Сабақ ойын түрінде басталады, оқушыларды екі ауылға бөлеміз. Ол ауылдарға ат қойылады.

1-топ Ащыбұлақ ауылы

2-топ Суықсай ауылы

Саяхат «Талдықорған-Алматы» поезымен аралаудан басталады. Саяхатқа шығар алдында сапар бағыты, аялдамалар анықталды.

1-аялдама. «Табиғатты тану» ойыны. Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.

2-аялдама. «Табиғат белдеулері», «Ғажайып қоржын» ойыны.

3-аялдама. Таблица: өзен, көл,қорық анықтау.

4-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу.

5-аялдама. Бәйге ойыны. Оқушылардың білімін бағалау.

1-аялдама. «Табиғатты тану ойыны». Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.

1-билет

Каледон тау түзілісі қай заманда болды. Осы уақытта Қазақстанның қай аймағында көтеріледі?

2-билет

Кайнозон эрасындағы жыныстар қай дәуір-

лерде көтеріледі. Оған Қазақстанның қандай бөліктері жатады?

3-билет

Мұғалжар тауы қай эрада көтерілді?

2-аялдама. «Табиғат белдеулері» ғажайып қоржын ойыны

1-билет

Бұл белдеу республика аумағының 44 пайызын алады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 200 мл. Жазы ыстық, қапырық, қысы суық, аяз 40 градусқа С-қа жетеді. Жүзген, құм қарағайы, теріскен, ақ және қара сексеуіл өседі. Бұл қай белдеу?

2-билет

Белдеу республиканың барлық аумағының 14 пайызын алып жатыр. 3 мыңнан астам көлі бар. Олардың көпшілігінің суы кермек немесе ащы болады. Өсімдіктерден құрақ, қамыс өседі. Сүтқоректілерден ақ бөкен, қарақұйрық кездеседі. Бұл қай аймақ?

3-билет

Бұл табиғат белдеуін Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 пайызы, көктемгі су тасу кезеңінде ағады. Егін шаруашылығымен өнеркәсібі дамыған аудандарда су жеткіліксіз. Сондықтан, бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс – Қарағанды) арқылы пайдаланады. Бұл қай белдеу?

3-аялдама. «Таблица толтыру; көл, қорық, өзендерді анықтау».

4-аялдама. Шығармашылық. Өлең оқу

1. Табиғат алтын бесік аялаған,

Адамзатқа еш нәрсесін аямаған.

2. Жер шарына артық адам келгендей,

Адамзаттықты жүрсіңдер әлі білмей.

3. Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген туады қайшылықта.

4. Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың.

5-аялдама. Бәйге

І-топ сұрақтары

1. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)

2. Ең арзан көмір өндіретін кеніш? (Екібастұз)

3. Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)

4. Хан Тәңірі шыңын алғаш сипаттаған орыс ғалымы. (П.П.Семенов)

5. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым. (Ш.Уәлиханов)

6. Қазақстандағы ең үлкен көл. (Каспий теңізі)

7. Қазақстанның ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)

8. Ебі және Сайқын желдері қай жерлерде соғады? (Жоңғар қақпасы арқылы)

9. Тастақты, саздақты шөлдерді атаңыз. (Бетбақдала, Үстірт)

10. Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды? (Қара топырақ)

ІІ-топ сұрақтары

11. Еліміз Каспий теңізі арқылы неше елге шыға алады? (4 елге)

12. Жабылмайтын қақпалар. (Торғай, Жоңғар қақпасы)

13. Ең жас эра. (Кайназой эрасы)

14. Аласа таулар. (Сарыарқа, Маңғыстау және Мұғалжар)

15. Ертіс өзені қай алапқа жатады? (Солтүстік Мұзды мұхит алабына.)

16. Еліміз нешінші сағаттық белдеулерде орналасқан? (Төртінші және бесінші сағаттық белдеуде)

17. ҚР-ның тәуелсіздік алған жылы. (1991 ж.)

18. ҚР дүние жүзінде көлемі жөнінен нешінші орын алады? (9 орын)

19. Қашқарияға алғаш саяхат жасаған ғалым. (Шоқан Уәлиханов)

20. Астана қаласы қай өзеннің бойында жатыр? (Есіл өзенінің)

Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

Автор:
С.Т.ҚҰТАНОВА, М.Мәметова атындағы орта мектебі география пәні мұғалімі Ащыбұлақ ауылы, Ақсу ауданы.